Pharaoh (Фараон) лақап атымен танымал ресейлік рэп орындаушысы Глеб Голубин саханда өнер көрсетіп тұрып тыңдарманының бетінен теуіп жіберді.
22 жастағы жігіт сахнада тұрған жерінде тыңдарманының бетінен теуіп, жұдырық сілтеді.
Аталған оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.
Айта кетсек, Pharaoh 2012 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Ол Dead Dynasty шығармашылық бірлестігінің негізін қалаған.