Парламент мәжіліс төрт жаңа депутатпен толықты.
"Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанды. "Саяси кеңестің бюро отырысында Nur Otan партиясының тізімі бойынша парламент мәжілісі депутаттарының мандаттарын Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға беру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде өмірге келді. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер және орындаушы, тележүргізуші. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады.
2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды.