Танымал әнші өнерден алыстап кетуіне не себеп болғаын айтты

Отандық танымал әнші Асқар Жүнісбеков көптен бері сахнаға шықпай, ел назарынан тыс қалып қойды. Кезінде аты дүркіреп тұрған шоу-бизнес жұлдызы өнерден алшақтап кетуіне не түрткі болғаны жайлы бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, ол біраз уақыт бойы өзін бизнес саласында сынап көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.Асқар Жүнісбеков кәсіпкерлікке бет бұрғандықтан әншілігі бәсеңдеп қалғанын мойындады.

 

Алайда өнер иесі жақын арада сахнаға қайта оралатынын хабарлап, өзін асыға күтіп жүрген жанкүйерлерін қуантты.

 

"Алматыдамын. Мен ешқайда кетпегенмін. Мектеп бітіргелі осы қаладамын. Осымен 19 жыл болыпты. Биыл бұйыртса өнерді ақырындап қолға алып жатқан жайым бар.

 

Бұған дейін әр түрлі тірліктер істеп көрдім. Бірақ, өнерден кете алмадым. Бәріне айтатын жауап осы шығар. Кішігірім кәсібім болды.

 

Мен кәсіпті де істей алады екенмін, қолымнан келеді. Бірақ, өнер маған жақынырақ екен. Базар саласында саудагерлермен жұмыс болды.

 

Жұмыс жақсы жүрді, бірақ қайтып келу керек болды. Өнермен бастағаннан кейін, оқуын бітіргеннен кейін осы жұмысты қайта қолға алуға тура келіп тұр. Тәуекел деп басынан бастағандай қадам жасаймыз.

 

Негізінде мен алыс кетпедім. Арасында концерттерге шығып жүрдім, шақырған жерлерден қалмадым. Мендегі мәселе - жаңа әндердің жазылмауы.

 

Жалпы өнерден қатты кеткен жоқпын, қосымша алып жүрдім. Енді бұйыртса жаңа әндер жазып жатырмыз. Кәсіптен көп қаржы жинамадым, өнерде көбірек екен. Әйтпесе, жүре беретін едім бизнесте" , - деді әнші. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста