Танымал қазақстандық актер Шыңғыс Капин menshealth.kzбасылымына сұхбат беріп, актерлік саладағы төсек сахналарына қатысты пікір білдірді. Актер кей әріптестеріне деген құмарлығы шынайы өмірде де байқалып қалатынын жасырмады деп жазады NUR.KZ.
Жуырда актер Айсұлу Әзімбаевамен бірге "Секс, қорқыныш және гамбургерлер" ("Секс, страх и гамбургеры") деп аталатын жаңа кинокартинаға түсті. Онда олар ашық төсек сахналарын сомдап, фильмнің эротикалық тұстарын барынша шынайы сомдап шыққан.
Осы тұста актер Айсұлуға деген құмарлығы шынайы өмірде де бар екенін ашық айтты.
"Біріншіден, маған рөлге ойнаудың қажеті жоқ болды. Менің Айсұлуға деген құмарлығым бар. Сондықтан бұл орайда маған қиын болған жоқ. Бірақ мен үшін өзімді ұстау қиынға соқты", - деді ол.
Шыңғыстың айтуынша, фильмдегі төсек сахналарының шынайы өмірде де әсер ететін тұстары бар.
"Мәселен, Динара Бақтыбаевамен "Зәуре" фильмінде ойнадық. Арамызда ешнәрсе болған жоқ. Мүлдем. Бірақ, түсірілім аяқталғанына екі жыл болса да, менің оған деген құмарлығым әлі де бар", - дейді ол