Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Тамара Асар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуден қандай әсер алғанын тыңдармандарымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында болдым. Ресми қабылдауға арнайы шақырылғаныма шын жүректен қуаныштымын.
Президентінің маған артқан сенімі мен тапсырмаларын орындауға тырысамын, жасалған құрметке бас иемін. Үлкен рахмет!
Басым жерге жеткенше "Өнер" атты өзім сүйген майданның адал жауынгері болуды бұйыртсын" - деп тілек тіледім", - деді Тамара Асар.
Еске сала кетсек, 9 қазан күні Тоқаев Бағдат Мусин мен Тамара Асарды қабылдаған болатын.