Талқылау тек мадақтау емес...

Соңғы кездері жарық көрген кітаптарды арнайы талқылау түгіл, көз қиығын тастауға, бір ауыз пікір білдіруге де құлықсыз болып бара жатқандаймыз. Астанада осы істің қылаң беріп қалғаны қуантады. Белгілі балалар жазушысы, сатиралық туындыларымен де мәлім Толымбек Әбдірайымның «Жалқаулыққа кім үйір?» (Алматы, «Баур», 2008) атты кітабын Отырар кітапханасына жиналған бір топ зиялы қауым жіліктеп тұрып талқылады.
Жазушылар одағының Астанадағы өкілдігін басқаратын белгілі қаламгер Әкім Тарази кітапты талқылауға ұсынуға бастама көтеріпті. Автор келіскен. Ең қиыны – бас біріктірер орын керек. Он­ың да қисыны келе қалды. «Отырар» кітапханасының директоры Тұрсын Жұрт­бай даңғарадай бір кабинетін ұсынып тұрып: «Кітабың шыққан соң оқырман не айтады деп елеңдейсің. Бірақ ешкім үндемейді. Тіпті қасыңдағы зиялы қауым­нан үн шықпайды. Мұндай үнсіздік – шығармашылықты өлтіретін шыңырау», – деді. Профессор Серік Негимовтің пікірінше, «Жалқаулыққа кім үйір?» кітабы қазақ әдебиетінің соңғы жылдарында жазылған балалар әдебиеті бойынша сүбелі еңбек­тердің бірі екенін айтты.
Талқылау соңында қатысушылар бір­ауыздан кітапты халықаралық «Алаш» сыйлығына ұсынуды жөн деп тапты.

Р.S.
Әрине, талқылау тек мадақтауға құрылмауы керек. Әдеби сынның мақсаты – шығарманы жарамсыз етіп сынау болмаса беталды мақтап ала жөнелу емес. Мақсат – кітапты оқырманға түсіндіріп жеткізу. Әйтсе де талқылаған кітаптарды да іздеп жүріп оқитын оқыр­ман бар ма екен?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста