Талқы тақырыбы – театр

26 наурыз күні сағат 15:00-де «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында Халықаралық театр күніне және Қазақстан Театр қайраткерлері одағының 50 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан театрлары: бүгін және болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция жұмысына республикамыздың белгілі театртанушы ғалымдары мен астаналық және облыстық театрлардың бас мамандары және көрші мемлекеттерден шақырылған қонақтар қатысады.
Конференцияда театр және сын; театр жә­не режиссура; театр және драматургия; театр және актерлік шеберлік; театр және сценография тақырыптары негізінде баян­да­малар жасалып, талқылаулар жүр­гі­зіледі. Бұл материалдар кейін арнайы ғы­лыми жинаққа топтастырылатын болады.
Ұйымдастырушылар аталған кон­фе­рен­ция жұмысына сондай-ақ ғылым док­тор­­лары мен кандидаттарды, PD док­тор­ла­ры мен магистранттарды, театр бас­­шыларын, режиссерлерін, актерлерін, сце­нографтарын және осы саладағы театр ма­мандарын қатысуға шақырып отыр. Кон­­ференцияға қатысу үшін баяндамалар мен өтініштерді 2013 жылдың 25 нау­ры­зына дейін ұйымдастыру комитетіне (mu­ka­man@mail.ru) жіберуге болады. Жиын ма­териалдары кейін арнайы ғылыми жи­наққа топтастырылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста