Бүгін Жорабаевтар отбасында үлкен қуаныш орын алды. Әнші Талғат Жорабаев тұңғыш рет әке атанды. Өнер иесіне сүйікті жары шекесі торсықтай ұл сыйлады.
Талғат осыдан бір жыл бұрын отбасын құрып, Аяулым атты ақ құсын қолына қондырған. Тойларын Шымкент қаласында жасаған болатын.
Халықтан жақсы жаңалықтың сүйіншісін Алтынай Жорабаева сұрап үлгерді.
Барша халықпен бірге “Baistars.kz” ұжымы да бөбектің бауы берік болсын деген жылы лебізін білдіреді.
baistars.kz