Таланттарды танытқан – «Тәуелсіздік толғауы»

Таланттарды танытқан – «Тәуелсіздік толғауы»

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған «Тәуелсіздік толғауы» атты аламан конкурс жарық жұлдыздардың жақұт пен жауһарға бергісіз жүлделі еңбегін жалпақ жұртқа жария етті.

Елордадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында  өткен салтанатқа мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы өзі келіп қатысты. 

Дүбірлі доданың «Тәуелсіздік толғауы» деп аталуы да тегін емес. Ал конкурстың не үшін жарияланғанын, оның мәдениет пен өнер үшін салмағы, алға қойған мұраты мен арманы жайлы мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза мәнерлей айтып берді. «Тәуелсіздік – біздің бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, біздің ұрпақ жүзеге асырған, барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық». Министр Елбасының осы лебізін «Тәуелсіздік толғауы» атты тұңғыш халықаралық конкурстың арқау сөзі ретінде айшықтаудан бастады.

Отандық композиторлар мен драматургтердің, ақындардың шығармашылығын тікелей қолдау, ұлттық опера-балет, драмалық театрлар және жалпы, музыка саласының бәсекелестігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған конкурс алты номинацияға бөлінді. Бәйгеде бағы жанғандар реті төмендегідей болды:
 
«Ең үздік балеттік шығармалар»: бірінші жүлде – Әділ Бестібаев, «Жерұйық» балеті; екінші орын – Балнұр Қыдырбек (либреттосы – Тұрсынбек Нұрқалиевтікі), «Адамзатқа аманат» балеті.

«Ең үздік опералық шығармалар»: Алмас Серкебаев, «Дар Байтерека» операсы.

«Ең үздік камералық музыка»: Арман Жайымов, «Көроғлы» триосы; екінші және үшінші марапат – Артық Тоқсанбаев, «Дала нақыстары» поэмасы және Әліби Мәмбетов, «Трио-элегиясы».

«Ең үздік бүгінгі заман әндері»: бірінші жүлде  – Рыспанбет Байдалы, «Туған елім, дарқан жерім»; екінші орын – Айсұлу Тәниева, «Астана»; үшінші орын – Естай Әлікеев, «Алға,Қазақстан!».

«Ең үздік балалар әндері»: бас жеңімпазы – Марат Ильясов (өлеңі – Әбдірахман Асылбектікі), «Егеменді елім-ай». Екінші, үшінші орындар Серік Еркімбеков  «Свет дальней звезды» мен Шолпан Қорғанбекова (өлеңі – Серік Тұрғынбектікі) «Бала бақыты».

«Ең үздік драмалық пьесалар»: бас бәйгесі – Дулат Исабеков, «Жаужүрек» пьесасы; екінші орын – Нұрғали Ораз, «Адасқан жұлдыз» және Жолтай Әлмашұлы «Жапон аруының арманы» пьесалары; үшінші жүлде – ақын Иранбек Оразбаев «Портмоне» және жазушы Тұрсынбай Жандәулетов «Жұбай саудасы» пъесалары.

Бәйге құны
Ең үздік опералық шығармалар мен ең үздік балеттік шығармалар бойынша бірінші жүлдеге – 4 млн 500 мың теңге, ал ең үздік драмалық пьесаның бірінші бәйгесіне – 1 млн 500 мың, ең үздік камералық музыка туындысына – 500 мың теңге, ең үздік қазіргі заманғы әндердің бас бәйгесіне – 300 мың теңге, соңғысы, ең үздік балалар әндері номинациясының бірінші жүлдесіне 300 мың теңге бұйырды.

P.S. Әрине, ол тек ақшада ғана емес. Мұны екіге бөліп анықтауға болатындай. Біріншісі, конкурсқа Қазақстан аумағынан асып, оған АҚШ, Германия, Канада секілді алып мемлекеттерде қызмет етіп, өздерінің шығармашылық қабілетін дәлелдей білген композиторлар қатысты.

Екіншісі, конкурста жеңімпаз орын алған шығармалар биылғы жылдың өзінде жетекші театрлар мен концерттік сахналардан көрсетілетін болады.

Осы шара аясында биыл VІ рет өткізіліп отырған Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының да жүлдесі үлестірілді. «Атамекен», «Ән сал, сарбаз!», «Аманат», «Елдің ері – Бауыржан» сынды төрт номинациядан тұратын байқаудың жеңімпаздары да министрліктің марапатына ие болды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста