Тағы да Абайға жүгінеміз

1909 жылы қазақтың рухын оятып, сол кездегі ат төбеліндей ғана оқығандардың бірігуіне ықпал еткен аса маңызды бір оқиға болған-ды. Тұрағұл Құнанбаев, Кәкітай Ысқақұлы және Әлихан Бөкейханұлы сынды Алаштың ардақты ұлдары сонау Санкт-Петербор қаласының мұсылман баспасынан ұлы дала абызы, қазақтың ой-санасына сілкініс жасаған ғұлама ойшылы – Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарды. Осыдан кейін «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті дүниеге келіп, абайшыл буын уақыт өте бүгінгі Тәуелсіздігіміздің іргесін қалаған «Алаш» қозғалысын құрды. Сонау алты алашқа қозғау салған 1909 жылдан араға тура жүз жыл салып күллі адамзат баласына кітап бетінен үн қатқан хакім атамыз жаңа дәуірге сай ақпарат кеңістігіне аяқ басты. Айтайын деген ақжолтай хабарымыз – Ерлан Саиров, Берік Әбдіғали, Талғат Ешенұлы, Ерлан Қарин, Нұрлан Ерімбетов, Дәурен Қуат, Есенгүл Кәпқызы, Айжан Көшкенова, Айдос Сарым сынды бір топ қазақ журналистері мен саясаттанушылары қазақ жұртына арнап «Абай.kz» (www.abai.kz) ақпараттық порталын ашты.
Портал атын «Абай» деп қоюда екі түрлі мағына жатса керек: біріншіден, Абай мұрасын, Алаш өсиетін кешенді түр­­де на­си­хаттап, жарық көрген кітаптар мен бас­пасөзде басылған таңдаулы мақа­ла­лар­ды бір арнаға топтастырып, ғаламтор ар­қы­лы төрткүл дүниеге паш ету мақсаты көз­делген. Екіншіден, абай­шыл ұрпақтың елі­міздің өткені мен бү­гініне һәм ертеңіне сер­гек қарап, абай болуды үндейді. Неге абай болуымыз керек дегенде, «Абай.kz» ақпараттық пор­та­лының Доктринасында былай дейді:
• Әлем картасында алапат көлемімен таңбаланған жеріміздің бүтіндігі мен ұл­ты­мыздың тұтастығына абай болайық!
• Көк найзасын көлденең ұстап жорт­қан бабалардың ерлігі мен мұрасына, бо­ла­шақтан алапаты асқан Алаш жұр­тын көргісі келіп, ғұмырын күреспен өт­кер­ген ғазиз ағалар аманатына абай болайық!
• Көрікті ойымыз бен кеудеміздегі сәу­ле­ні сөйлеткен тілімізді тіліп тастауға бар әрекеттерден абай болайық!
• Бар қазақ – бір қазақ. Бір қазақ – бар қазақ. Ығып сөйлемейтін, ықтап өмір сүр­мейтін бекзат болмысымызға абай бо­лайық!
• Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқа­ның арасындағы ақпарат кеңістігінің ала­тайдай бүлінбеуіне абай болайық!

Дәурен Қуат, «Абай.kz» порталының бас редакторы:
– Бізде баспасөз құралдары жетерлік, бірақ олардың барлығының үні бір жер­ден шықпай жатады. «Абай.kz» порталының басқа интернет-ресурстардан ерек­шелігі – мұнда Қазақстанның барлық аймақтарындағы қазақ баспасөз өкілдері бір­тұ­тас қауымға айналып, өз ойларын ортаға сала алады. Соның арқасында Аты­рау журналистері Алтайдағы әріптестерінің шығармашылығымен танысып, Қы­зыл­ор­даның жастары өздерінің қызылжарлық достарын алаңдатып, толғатып жүрген мә­селелер хақында хабардар болады. Сондай-ақ портал арқылы елімізге танымал тұл­ғаларға барлығымыз сұрақ қойып, олардың ұлттық дәрежедегі интернет-кон­фе­рен­цияларын өткізіп отырамыз. Апта сайын портал тарауларында әлеуметтік зерт­теу­лер мен тұрақты талқылаулар жүргізіледі.

Айдос Сарым, «Абай.kz» пор­та­лының үйлестірушісі:
– Бүгінгі күні он бестегі баладан қы­рықтағы азаматқа дейін барлы­ғы­ның интернетті қолдануға мүмкін­ді­гі бар. Көбі – қазақтілділер. Бір өкі­ніш­тісі, со­лар­дың сұранысын то­лық­тай қана­ғат­тандыра алатын қазақ тілін­дегі интер­нет порталдар, сайт жоқ­­тың қасы. Осы «Абай.kz» порталын аш­пас бұрын біз біраз зерттеулер жүргіздік. Сонда байқа­ғанымыз, мәселен, алаш­­­тықтар жай­лы интернеттен қа­зақ­ша ақпарат ізде­се­ңіз, төрт-бес ма­те­риал табасыз не тап­пайсыз. Себебі олар жайлы ақпарат дү­ние­жүзілік ақ­па­рат қорына кірмеген сияқ­ты. Осы олқылықтың орнын күн ұзат­­пай, ер­тең біреулер кеңістігімізді тол­­ты­рып тастамай тұрғанда өзіміз қолға алуды шештік.

Нұрлан Ерімбетов, қоғам қай­рат­кері, «Мәдени майдан» ұйымы­ның басшысы:
– Біз бүгінде, шыны керек, быты­раң­қы жатырмыз. Еліміздің қай түкпі­рін­де кімнің не істеп, не айтып, не қо­йып жатқанын білмейміз. Біз бір-бі­рі­­міздің сөзімізді, тынысымызды тек бас­пасөз өкілдері арқылы ғана бі­ліп отыр­мыз. Онда да ол тілшінің дең­гейі­­не байланысты. Ал интернеттің бір артықшылығы – онда ақпарат, мейлі қыс­­қа комментарий болса да, негізгі қай­­нар көзден шығады. Яғни әр пікір, әр материалдың ар жағында елдің ара­­сын­да өмір сүріп жатқан адам тұ­ра­ды.

Файл
2008 жылғы ғаламторды пай­да­ланушы қазақстандықтардың жүз адамға шаққандағы саны 14 або­нент­­ке өсіп, еліміздің теле­ком­му­ни­ка­циялық нарығы 379 млрд тең­гені, яғни ЖІӨ-нің 3 пайызын құ­ра­ған. Ма­­мандар есебіне сүйен­сек, биылғы 2009 жылы интер­нет­ті пайда­ла­ну­шылар саны 800 мың адамға жетуі ықтимал.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста