Табиғи тілдің дамуы алдын ала жасаған жоспарға бағынбайды

Анар Салқынбай, филология ғылымының докторы, профессор:

– Cіз бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сынды белді оқу орнында мемлекеттік тіл кафедрасына жетекшілік жасап келесіз. Осы уақытқа дейін кафедрада қазақ тілін дамытып, көркейту үшін нендей ғылыми жұмыстар атқарылды?
– Мемлекеттік тіл кафедрасы – 1991 жылы құрылып, қазіргі таңда республи­ка­лық деңгейде ғылыми-әдістемелік орта­лық­қа айналған үлкен ұжым. Кафедраның алғаш рет ірге қалап, бүгінгідей үлкен ұжым­ға айналуы филология ғылымының докторы, профессор Талғат Сайрамбай­ұлы­ның есімімен тығыз байланысты. Т.Сай­рамбаев он жылдай басшылық еткен жылдар қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, әдістемелік және оқу құралдарын жазуды енді ғана қолға ала бастаған тұс еді. Ғалым ағамыздың көптеген іргелі істің басталуына түрткі болғаны анық.
Қазір кафедра ұжымы республикалық ЖОО-ларға арнап типтік бағдарлама жазып, жыл сайын бірнеше монография мен оқу құралдарын дайындап келеді. Бұл тек сан үшін емес, кафедра оқытушылары әзір­леген «Тіл құрал» оқу құралы «Бола­шақ» бағдарламасы бойынша емтихан тап­сырушыларға, мемлекеттік қызметкер­лерге қазақ тілін меңгерудің емтиханына дайындық құралы ретінде шығарылды. Студенттердің бәсекеге қабілетті болып шығуы мақсатында мемлекеттік тіл дең­гейге бөліп оқытылады, сонымен бірге әр мамандыққа қатысты кәсіби қазақ тілі­нің оқытылуына терең мән беріледі. Мұн­да әр маманның өз мамандығы бойынша кез келген мағлұматты қазақ тілінде жеткізе алуына, терминдердің ұғымы мен мағы­насын түсініп, қолдана білуіне ерекше мән беріледі.
– Бүгінде мемлекеттік тілдің мәрте­бе­сін көтеру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар бағдарлама жасалуда. Десек те, оқу-әдістемелік құ­рал­дар мен тіл үйрететін өзге де оқулық жағынан тапшылық кө­ріп отырған жоқ­пыз ба?
– Қазіргі күні «қазақ тілін оқыту әдісте­месі жетілмеген», «оқулық жоқ» деген сөз­дер қазір күн тәртібінен түскен деп айтуға толық негіз бар. Әрине, бұл ұлағатты істің әр уақытта да жетіле береріне, дамытылатынына дау жоқ. Әйткенмен оқимын деген азаматқа қазіргі таңда оқитын оқу құралы да, электронды оқулық та, әдістемелік нұс­қау да жететіні анық. Кез келген тілдің дамуы оның қолданыста болуымен тікелей бай­ланысты. Әр қазақстандық азамат күн­делікті өмірде қазақ тілінде сөйлесіп, жазып, оқып жүрсе, мемлекеттік тілдің даму­ы­на өзіндік үлесін қосып жүрмін деп нық сеніммен айтуына болады. Тілдік даму – өте күрделі үдеріс. Ол бірер адамның жаз­ған-сызғанымен немесе шалақазақ­шалап «көз үшін» ғана қазақша сөз бастау­ымен ешқа­шан дамымақ емес. Мемлекеттік тіл­дің дамуы жалпыхалықтық қол­да­ныста болуымен тығыз байланысты.
Тіл – тарихи дамудағы құбылыс. Тілдегі эволюция және прогресс туралы түсінік­тер өте күрделі болып келеді. Қоғамның дамуына орай ойлау да дамиды, ал тіл сол өзгерісті бейнелейді. Тіл де жетілу үстінде болады. Мысалы, әлем тілдері арасындағы аналитикалық жүйенің пайда болуын кейбір ғалымдар тілдік техниканың жетілуі деп түсінеді. Қоғамдағы өндірістік күштер­дің, ғылымның, адамзат мәдениетінің, тех­никаның дамуы жаңа ұғымдар мен түсі­ніктерді өмірге әкелді. Олардың бәрі де тілден өз орнын алуы қажет болғандықтан, тілдің қоғамдық қызметі де өседі. Тілдің дамуын сөздік құрамның өсуінен және сөз мағыналарының көбеюінен байқауға болады. Қоғам мәдениетінің даму дәрежесі тілдің сипатымен тікелей байланысты. Таби­ғи тілдің дамуы алдын ала жасаған жоспарға бағынбайды.
– Дегенмен белгілі бір үлкен жұ­мысты игеру үшін арнайы жоба-жоспар қажет екені белгілі. Осы орайда басты назарға тіл дамытудың мемлекеттік бағдарламасын алатынымыз сөзсіз. Аталған бағдарламаға қатысты ғалым ретінде айтар ойыңыз қандай?
– Еліміздегі тiлдердi дамыту мен қол­данудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мем­лекеттiк бағдарламасы бар. Бұл құ­жатта мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiсна­масын жетiлдiру және стандарттау, мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру, мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәр­тебесiн арттыру, мемлекеттiк тiлге сұра­нысты арттыру, қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу сияқты күр­делі мәселелерге жақсы көңіл бөлінген. Мем­лекет басшысының өзі тікелей осы мәсе­леге мән беріп келеді. Елбасының «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, «қазақ тілі – қазақстандықтарды біріктіруші негізгі фактор», «2020 жылға қарай 95 пайыз қазақ­стандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуі керек» деуі – қазақ тілін оқытушы ұстаздар мен ғалымдар үшін, жалпы қауым үшін басты қағидаттар болуы шарт. Шынында да, әр қазақ бірімен-бірі қазақша сөйлесіп жатса, бүкіл қазақстандықты қазақ тілі ар­қылы біріктіріп, мемлекеттігіміздің іргесін бекітсек, 2020 жылға қарай 95 пайыз мем­лекеттік тілде сөйлесек, бұдан артық қан­дай бағ­дарлама, қандай тіл саясаты керек?! Демек, қазір бізде бағдарлама да, сөз де бар. Тек іс керек Әр қазақ баласы қазақ­ша сөйлеп, өз тілінің дамуына үлес қосу­ды ойлауы керек. «Сөз түзелді, тың­дау­шы, сен де түзел» деп данышпан Абай айт­пақшы, енді істі түзеу әрбір жеке азамат­тың азаматты­ғына сын болуы тиіс.
– Қазақ тілінің дамуы, қазақ тіліндегі оқулықтармен тікелей байланысты деп жатамыз. Бірақ көпшілік қазақ тілін оқытатын оқулықтардың көптігі­нен қайсысын аларын немесе қолдана­рын білмейді. Тіл үйренушілер қазақ тілі оқулықтарының қайсысынан үлгі алуына болады?
– Өте орынды сұрақ. Шынында да, қазір­гі кезде қазақ тілінің оқулықтары мен әдістемелік құралдары баршылық. Ешкімге неге шығардың, қалай шығардың деуге болмайды. Мол болғаны, көп болғаны, әрине, жақсы. Сан қашанда сапаға алмасатыны анық. Бұл арада шыққан оқулықтар мен оқу құралдарының сапалық жағын анықтауға, таңдауға мүмкіндік бар. Мұны тек қуаттау жөн. Дамыған орыс тіл білімінің өзінде таңдаулы оқулық деп біреуін атап бере алмайды. Өйткені әркім өзінің қаже­тіне қарай таңдап пайдалана алуы керек. Қазір бізде жеделдетіп оқытатын да, әр деңгейге бөліп оқытатын да жақсы оқулық­тар мен оқу құралдары шығып жатыр. Қа­зақ тілін үйренемін деген азаматқа қай дең­гейде болса да тіл үйретуші оқу құралы бар. Мүмкін, оның таралымы аз болар. Бұл – басқа әңгіме. Айтайын дегеніміз: қазақ тілін шын ниетімен үйренуші бар болса, оған қажетті оқу құралдары жоқ емес.

Анар Бекмырзақызы Салқынбай – филология ғылымының докторы, профессор, жоғары оқу орындары оқытушыларының үздік оқытушысы грантының (2007) және ғылым мен техника дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар мен мамандарға берілетін мемлекеттік ғылыми стипен­дияның иегері. Ғалымның негізгі зерттеулері қазақ тілінің тарихына, сөз­жасам жүйесіне, көне түркі ескерткіштерін ұлттық дүниетаныммен байланыстыра қарастыруға арналады. Осы бағытта жазылған «Тарихи сөзжасам». «Семантикалық аспект», «Функционалды грамматика очерктері», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Әдіскер тағылымы», «Қазіргі қазақ тілі», «Тіл әлемі», «Тіл. Таным. Білім», «Қазақ сөзі: уәжділігі мен тектілігі», «Шаһкәрім шыққан шың» атты ғылыми-зерттеулері мен оқу құралдарының қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық дамуына қосар үлесі зор. Ғалым­ның Қытай, Польша, Испания, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Украина, Армения елдерінде өткен халықаралық ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары ғылыми-теориялық деңгейінің жоғарылығымен, ғылыми жаңалы­ғымен, өзекті тақырыптарға арналғандығымен ерекшеленеді. Профессор­дың ғылыми жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты дайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста