Табиғи ескерткіштерге қашан көңіл бөлеміз?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Шетелге барған танысым сол елдің табиғат байлығына тамсанып қайтты. Оны көзтаныс кісілердің бәріне жыр ғып жеткізді. Жөн шығар. Алған әсерімен бөлісті. Онда тұрған не бар? Алайда мен оған Қазақстанда да сондай жерлердің бар екенін жеткіздім. Танысым да тосылған жоқ. «Көкшетау, Баянауыл, Тарбағатай мен Алматының табиғатын айтсаңшы. Бірақ одан басқа қандай көркем келбетті жерлеріміз бар?» деген сауал тастады маған. Әрине, мен бұл тақырыпта көбірек көңіл бөліп жүргендіктен, олардың тізімін жасап бердім десем де болады. Тіпті Қызылорда қаласынан таяқ тастам жердегі табиғат көріністері жайында тілге тиек еткенімде, танысым сондай көркем орындардың бізде де бар екеніне таңғалысын жасырған жоқ. Әшейінде Сыр өңірінің экологиялық жағдайы ауыр деп қараймыз. Алайда бұл өңірде де ешкімнен кем түспейтін әдемі аумақтар баршылық. Өкініштісі, біз оларды біле бермейміз. Одан гөрі сонау жердегі Түркияның, Францияның, Швейцарияның және өзге де мемлекеттердің көркем табиғаты жайында жатқа соғамыз.
Оның себебі де жоқ. Біз бұрын туризм дегенді мүлдем білмедік. Социалистік жүйе болғандықтан есігімізді тарс бекітіп алғандай күйде болдық. Соның салдарынан төл табиғатымыз өз деңгейінде зерттеліп, зерделене қойған жоқ. Барының өзінің қадірін әлі де жете түсіне алмай келеміз. Әйтпесе, табиғат жағдайы қиын деп саналатын Сыр бойы мен Маңғыстау жерінде қаншама табиғи байлықтар жатыр.
Жалпы, табиғат ескерткіштері қатарына көне заманнан қалған, сирек кездесетін ағаштар мен ағаш топтары, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар, шағын ормандар мен тоғайлар, табиғаты жағынан теңдесі жоқ өзен жағалаулары мен аңғарлары, мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастар, геологиялық шөгінділер, үңгірлер, арасан бұлақтары, сарқырамалар және кейбір көлдер жатқызылады. Оның түрлері ботаникалық, зоологиялық, геологиялық, тарихи, мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Олардың басқа түрлері жайында «Алаш айнасы» мақала арнаған еді. Біздің бұл жолғы айтарымыз, көне заманның бізге жеткен күмбірі секілді қолдан құйып қойғандай табиғи байлықтар тұрғысында екенін еске сала кетелік. Мәселен, Алматы облысындағы Айғайқұм, Шарын шатқалы, Ақмола облысындағы «Дулыға» сүйір шоқысы, Қарамай және Қашқын шоқылары және Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғат ескерткіштері арнайы қорғауға алынған. Атап өтерлігі, олардың қатарында Қаратаудың Қызылорда облысы аумағында орын тепкен осындай жерлер жоқ екен. Таулы өңірлері бар кейбір облыстардағы ондай жерлер де енбей қалғанын байқаймыз.
Еліміздің оңтүстік өңірін бойлап жатқан Қаратаудың соңғы сілемдері Қызылорда облысына жетіп жығылады. Сол аумақтарда да қаншама табиғат ескерткіштері көзге шалынады. Оларды жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Алайда олардың қаншалықты қорғалып жатқанын көпшілік біле бермейді. Кез-келген адам ол ескерткіштерге өз «белгісін» қалдырып, бүлдіріп жатқанын талай мәрте естідік те, көзіміз де шалды. Өкінішке қарай, оларға «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» табылмай тұрғанын несіне жасырамыз?
Қаратаудың Жаңақорған ауданы аумағында Тастүскен, Күйгентас секілді жерлері елдің аузында жиі айтылады. Олардың қандай ерекшеліктері бар екені атынан-ақ көрініп тұр. Тастүскен аспаннан бейне бір алып тас түскендей ойылып қалған тау аумағы. Ол қалай пайда болды? Бұл жайында жан баласы жарытымды ақпарат біле бермейді. Әрине, Жаратушы иеміздің құдіретіне ешбір шәк келтіре алмаймыз. Қолмен құйып қойғандай етіп, табиғат ескерткішін жасай қойғанына таңғаламыз. Ал Күйгентас туралы не білеміз? Білетініміз шамалы. Тек көрген көрінісіміз жайында әңгіме еткеннен әріге бара алмаймыз. Жаратылыстың құдіретімен алып тастың беті күйіп қалғандай болып көрінеді. Ол қалай пайда болған? Бұл жөнінде ғалымдар қандай пікірде? Ешқандай пікір қолымызға іліккен жоқ.
Айтпақшы, кейде сондай орынның қадір-қасиетін түсіне бермейміз. Мәселен, Жаңақорған ауданының орталығынан Қаратау беткейіндегі 10-15 шақырымдай жерде Өгізмүйіс деген жер бар. Атынан көрініп тұрғандай, өгіз секілді болып көрінетін тасты төбе жайында әркім сан алуан пікір айтады. Біздің айтарымыз, сол орынның қазір сұрқы қашып барады. Өйткені, дәл сол жерден тас ұнтақтау зауыты салынған. Онда ұнтақталған тастар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының құрылысына пайдаланылып жатыр. Көнекөздердің айтуынша, бұрын Өгізмүйіс Жаңақорған кентіне тура соққан екпінді желге бөгет жасайтын қорған секілді екен. Ендігі кезекте көз алдыңызға елестете беріңіз, аудан орталығына бағыт алған қарқынды жел қалай ұйтқы соғады?
Жаңақорғанмен қоңсы жатқан Шиелі жерінде де мұндай жерлер баршылық. Жолсапармен Қаратау жақты бетке алғанымызда сондай жерлер көзімізге ілінді. Адамның басына киген кәдімге тақия тәрізді көрінетін төбе талайдың қызығушылығын туғызатыны анық. Өкінішке қарай, біз олардың әлі де бағасын бере алмай келеміз. Бұл төбені жергілікті жұрт Тақиятөбе деп атайды екен. Сондай-ақ, соған жақын орын тепкен Жетімтөбе де өзіндік ерекшелігімен көрген кісіні баурап алады.
Айтарымыз, біз осындай табиғи ескерткіштерді зерделеп, олар жайында қызықты деректер жинауға көңіл бөлуіміз тиіс. Осының нәтижесінде мұндай жерлерді шетелдіктер қызыға тамашалайтын орындарға айналдыруға әбден болады. Біз тек таулар маңындағы табиғат ескерткіштері жайында ғана әңгімеге өзек еттік. Одан басқа табиғат ескерткіштері аз емес қой. Қазақ даласында қаншама таулар бар екенін ескеріңіз... Қолда барды қашан бағалар екенбіз? Әзірге өзге елдердегі табиғат байлықтарына аузымыздың суы құрып жүр әшейін...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста