Сырғабаевтың суреттері сөйлейді

Алдағы 9 ақпан күні сағат 14.00-де Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қаламгер-Медиа» орталығының қолдауымен елде жүрген талантты жас суретші, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің түлегі Сырғабаев Алмас Болатханұлының Мұқағали Мақатаев рухына арнаған «Қарлығашым, келдің бе?» атты поэтикалық сурет көрмесінің салтанатты ашылуы болады.

Бұдан біраз жыл бұрын республикалық «Ұлан», «Балдырған» сынды балалар басылымдарында жемісті жұмыс істеген жас талант, есімдері елге белгілі көптеген ақын-жазушылардың кітаптарының безендірушісі болған. Бүгінде Хантәңірі баурайындағы Нарынқол ауылында ұстаздық етіп жүрген қылқалам шебері, өз шәкірттерін сурет өнерінің қыр-сырына баулып жүр.

Суретші Алмастың негізгі тақырыбы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығы. Тынымсыз еңбектенудің нәтижесінде ол 2007 жылы Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек!» тарихи дастанының желісі бойынша сериялы графикалық суреттер жинағын кітап етіп шығарды. Бейнелеу өнерінің өз адамына айналған Алмастың шығармашылық ізденістері талғампаз өнерсүйер қауымы тарапынан жақсы бағасын алып келеді. Алмастың еңбектері 1998 жылы Астанада өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінде, 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығында, 2007-2008 жылдары Талдықорған қаласында өткен жеке көрмесінде қойылған.

Жас қылқалам шеберінің бұл жолғы көрмесінің ашылу салтанаты 9 ақпан күні атап өтілетін Мұқағали ақынның туған күніне тегіннен-тегін орайластырылып отырған жоқ.

Бір аптаға созылатын көрме Алматы қаласы, Абылай-хан даңғылы, 105 үйде орналасқан Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында өтеді. Аталған көрмеде ақын өлеңдерін суретпен сөйлете білген Алмас Сырғабаевтың 50-ден астам жаңа туындылары өнерсүйер қауымның назарына ұсынылатын болады.

Жанарбек ӘШІМЖАН, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, ақын:
– Бізде Мұқағали Мақатаевтың жеке өзі  мен шығармашылығына қатысты сурет салатын қылқалам шеберлері баршылық. Алайда Мұқағали рухын өз шығармашылығының негізгі тіні ретінде алып, оны зерттеп, зерделеп барып қылқаламмен бейнелейтін ізденімпаз суретшілер некен-саяқ. Шеберлігімен өнер ортасында ерте танылып, әлдеқашан мойындалған жас суретші Алмас Сырғабаев сол ізденімпаз дарындардың алдыңғы қатарында. Ол Алматыдай алып мегаполистегі қайнаған өнер ортасынан шетте жүрсе де өнімді еңбек етіп келеді. Мұқағалидың жырларына жан бітірген Алмастың жеке көрмесі көрген көзді сүйсіндіріп, көкейге ой салады деп сенемін.

Алмас Сырғабаев, суретші:
– Менің еңбектерімнің негізгі тақырыбы – Мұқағали. Сондықтан да Мұқағали шындығы арқылы қазақтың болмыс-бітімін ашып көрсеткім келді. Ақын туған топырақтан нәр алғандықтан да бала кезімнен оның өлеңдерін бойыма сіңіріп өстім. Өсе келе сол өлеңдердің құпия сырларын қылқалам көмегімен бейнелеуге ұмтылыс жасадым. Көп іздендім, оқыдым, зерттедім. Әртүрлі жанрларды қамтуға тырыстым. Әлі де ізденіс үстіндемін. Жалпы, кез келген әсерлі поэзия әдемі суретке сұранып тұрады. Әйтсе де сөзді бейнеге айналдырып, оған жан бітіру жеңіл жұмыс емес. Талант пен еңбекті ұштастыра білген шебердің суреттері ғана сөйлей алады. Менің бұл көрмем Мұқағали әлеміне өзгелермен бірге үңілу болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста