Алдағы уақытта Сыр өңірінде есімі елге елеулі азаматтарға ескерткіш орнатуға көңіл бөлінетін болды. Сондай-ақ өнер қонған және батырлығымен аты шыққан, аймақтың ажарын аша түсетін бірқатар орындар тұсау кеспекші.
Облыс орталығында сүлейлер аллеясы ашылады. Көмейінен ән мен жыр ағылған өнер иелеріне арналған аталмыш аллея жайында жергілікті халық көптен бері билік басындағы азаматтарға құлаққағыс етіп келе жатқан еді. Биылғы Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесі қарсаңында осындай игі істер елдің көзайымына айналмақшы. Қазір оған жазылатын сүлейлерді түгендеуге назар аударылып отыр.
Сыр өңірінен шыққан батырлар да ескерусіз қалмайтын болды. Қиын-қыстау кезеңде елдің тыныштығы үшін басын бәйгеге тіккен хас баһадүрлерге арналған ескерткіш орнатылады. Онда олардың есімдері тасқа қашалып жазылатын болды. Осының арқасында жас ұрпақ ерлігімен елге танылған ата-бабаларды жете тани алады.
Мұрат МҰХАМЕДОВ, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:
– Батырларымыз ел ардақ тұтқан елеулі тұлғалар болуы тиіс. Қазақтың азаттығы жолында тер төккен ержүрек ұлдар ескерусіз қалмайды. Сондықтан бұл мәселеге байыпты қарауымыз керек.
Сырда сүлейлер аллеясы ашылады
Последние статьи автора