Шырайлы шығысты әспеттеген әндер байқауы мәреге жетті

Шырайлы шығысты әспеттеген әндер байқауы мәреге жетті

Шығыс жайлы, оның сұлулығы мен тылсым сырын, ұлысы мен құндысын сөз еткен әндер аз емес. Алайда бүкіл ел қосыла айтатын «Сыр сұлуы», «Арыс жағасында» немесе «Алматым жүрегімде» секілді әндер аз. Бір сөзбен айтқанда, Шығыстың бет-бейнесін, кескін-келбетін танытатын, өңірдің жұрты ғана емес, жалпақ жұрт жарыса айтатын, облыстың әнұраны деуге тұрарлық әндер жоқтың қасы. Осы бір олқылықтың орнын толтыруды көздеген облыстық Мәдениет басқармасы былтыр «Жерім менің» атты байқау жариялап, еліміздің әр түкпіріндегі ақын, сазгерлерге сауын айтқан-ды. Жақында осы байқаудың қорытындысы жарияланып, галаконцерт өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бай­қауға 27 ән келіп түскен екен. Әділ­қа­зы­лардың шешімі бойынша «Ең таңдаулы лирикалық ән» аталымы бойынша белгілі ақын Жанат Әскербекқызының сөзіне жазылған Роза Әлқожаның «Ертістің жа­ға­л­ауында», «Заманауи ән» аталымы бойын­ша Сергей Корынбаев (сөзі) пен Анжелина Корынбаеваның және «Ата жұртқа сағы­ныш» аталымы бойынша Қытайдың Іле облыстық театрының әртісі Елеусіз Сүлей­бек­ұлының «Алтайым» әні үздік деп таны­лып, марапат иеленді.
Үшінші орынды «Туған елімнің әуені» атты әнімен Светлана Апасова және рес­пуб­ликалық «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболаттың «Жерұйық өлкем» (сөзі Ұлықбек Есдәулеттікі) әні қан­жы­ғаға байлады. Екінші орын Светқали Нұр­жановтың сөзіне жазылған Елена Әбді­халықованың «Тарбағатай – Барқытбел» әні мен Қалқаман Сариннің сөзіне жазыл­ған Гүлмира Саринаның «Шығысым – шы­рай­лы өлкем» әніне бұйырды. Бас жүлде Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған Медет Салықовтың «Шығысым – шынарым» әні­не берілді.
Айта кетейік, байқауда жеңімпаз атан­ған әндердің қай-қайсысының да осалы жоқ. Әрине, барлығы хитқа айналып кетер деуден аулақпыз. Дегенмен алғашқы үштікке ілікпесе де Роза Әлқожаның әніне жазылған һәм өзі орындаған «Ертістің жаға­лауында», Серік Жанболаттың әніне жазыл­ған «Жерұйық өлкем» және Қалқа­ман Сариннің сөзіне жазылған «Шығысым – шынарым» әндері бұл кеште алғаш рет орын­далса да жұртшылық жылы қабыл­да­ды. Соған қарағанда, бұл әндер келешекте Шы­ғыстың ғана емес, қалың қазақ қосыла айтатын сазға айналатын секілді.
Ермек КӨШЕРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
– Бұл игі шараға болашақта тек әкім­шілік саласы ғана атсалыспай, ха­лықтың да етене араласып, көмек­тескені жөн. Сонда ғана біз басталған істі өзінің биік шыңына жеткіземіз әрі оның көлемін кеңейтеміз. Демек, туған өлкемізді тебірене жырлайтын бұл шара болашақта да өз жалғасын таба­ты­нына сенімдіміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста