Қазір "Өнер қырандары" театры гастрольдік сапармен еліміздің қалаларын аралап жүр. Осы сапарда жүрген театрдың актрисасы Дана Тұрарбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында елміздің әуе тасымалына қатысты жанайқайын жеткізді деп хабарлайды Alashainasy.kz сайты.
"Ертең таңертең Астанадан Алматыға ұшуымыз керек еді, сол үшін осы Петропавлден көлікпен Астанаға жолға шығып жатырмыз түнделетіп. Ал кешкісін сол Алматыдан Ақтауға ұшуымыз керек еді. Сөйтсе рейс Астана Алматы отмен дейді ғой ЭйрАстана. Мені үйде ауырып отырған балам күтіп отыр. Концерттен, жолдан шаршап жүргеніміз аздай кеше ол Қостанайға ұшатын рейсті екі рет ауыстырып, ақыры мұзды жолмен жанымызды шүберекке түйіп көлікпен шықтық. Бірдеңе десең ауа райына байланысты дейді. Алматыда сондай боран болып тұр ма? Шын айтамын жаман жыладым, бір күнге болса да балаларыма барып қайтқым келген. Енді батысты аяқтап бірақ барады екенбіз" деп жазба қалдырған.