11 жасар шымкенттік Сағын Өмірбайұлы Ресейдің "Голос.Дети" жобасына қатысып, талантымен қазыларды тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сағын шоудың көрмей тыңдау кезеңінде "Скажите, девушки, подружке вашей" атты шығарманы орыс және итальян тілдерінде орындады. Отандасымыздың өнерін алғашқы болып Полина Гагарина бағалады. Жалпы үш қазының екеуі Сағынға кері бұрылды. Ол Полина Гагаринаның тобын таңдады.
Ән айтудан бөлек, Сағын домбыра тартқанды, сурет салғанды ұнататынын атап өтті. Өз кезегінде Полина Гагарина мүлдем сурет сала алмайтынын, Сағыннан үйренгісі келетінін жеткізді.
"Әрине, оп-оңай үйретемін", - деген жеткіншектің пысықтығына қайран қалған тәлімгерлер: "Шымкенттік екенің көрініп тұр", - деді.