Шымкенттік аниматорлардың «алтыны»

Шымкенттік «Сақ» және «Жебе» студиялары бірлесіп шығарған «Қанатты барыс туралы аңыз» атты мультипликациялық жаңа туынды кішкентай көрермендерінің көзайымына айналып та үлгерді. Аталмыш фильмнің бір құндылығы, бұл – еліміздің Тәуелсіздік символына айналған Алтын адам мен қанатты барыс ұғымдарының мәнін ашуға бағытталған алғашқы көркем дүние.
Фильмнің бірінші сценарисі әрі ре­жиссері Батырхан Дәуренбеков осыдан бірнеше жыл бұрын «ел егемендігінің символы ретінде неге барыс алынды?» де­ген сұраққа жауап таппағаннан кейін оны өзі ойлап шығаруды жөн көріпті. Міне, осы­лайша ертегідегі қанатты барыстың қол­дауымен аса құдіретті билеушіге ай­налған Сауран батыр жайлы аңыз дү­ние­ге келген. Мультфильмде Сауранның бала­лық шағы мен қалыптасу кезеңі, өзінің бой­тұмарында бейнеленген киелі барыс­пен танысу сәті бейнеленеді. Батырдың ата-­бабалары кезінде киелі аң ұрпақтары­ның сақталып қалуына себепкер болған екен. Ақсу-Жабағылы қорығын мекен ете­тін барыс соған ризашылығы ретінде бой­тұмар иесіне адал қызмет етуге міндет­те­неді. Ал Сауранның мақсаты – зұлым күш­тердің жиынтық бейнесі ретіндегі Қара Тү­нектің шапқыншылығынан елі мен жерін қорғап қалу. Осы орайдағы ақтық шайқас­та жеңіске жетуге батырға қанатты барыс көмектеседі. Аңыз бойынша, ай толған кез­де Қара Түнек ешкімге жеңістік бермей кетеді. Сондықтан да қанатты барыс өзінің Жел досына барып, Айды аз уақытқа бұлтпен көлегейлей тұруды өтінеді. Жауын жеңген Сауран сүйіктісі Айсұлуға үйленеді. Өз атымен аталатын қала салып, онда әді­летті хандық құрады. Осыған орай, сюжет­ке Оңтүстік Қазақстанда орын тепкен көне шаһар Сауран жайлы да аңыз кірістірілген.
Мұның сыртында «Қанатты барыс ту­ра­лы аңыз» – елімізде 2 D форматында тү­сірілген, толық метражды тұңғыш фильм. Шындығында, оны жарыққа шы­ға­руға аз уақыт кетпеген. Бірінші бөлімі осыдан жеті жыл бұрын түсіріліп біткеніне қарамастан, қаржылық қиындықтарға бай­ланысты кейінгі бөлімдерінің жұмысы едәуір кешеуілдеген. Қалай дегенмен де шығармашылық топ фильмді өзге жобала­рымен қатар алып жүре отырып, өз қар­жыларына түсіріп шыққан.
«Қанатты барыс туралы аңызды» түсіре отырып, отандық аниматорлар кішкентай көрермендердің патриоттық сезімін, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артты­ру­ды көздеген. Мультфильмді көрген бүл­діршіндер Саурандай ержүрек, батыр бо­луға ұмтылады. Сонымен бірге туған өлке­сінің төл тарихынан да мағлұмат алып өседі. Мәселен, балаларға Ақсу-Жабағы­лы, ежелгі Сауран қаласы тәрізді тарихи орындардың жөн-жосығын білгеннің өзі неге тұрады! Бір жағынан алғанда, бұл – бүгінде экран атаулыны жаулап алған ше­телдік мультфильм кейіпкерлерінің ша­буы­лына тойтарыс та. Яғни Батырхан Дәу­ренбековтің пікіріне сүйенсек, жат идеоло­гияның өнімдеріне санасы уланып кетпеуі үшін жас ұрпағымызды бала кезінен өз аңыздарымыз, өз батырларымыз арқылы тәрбиелеуге тиіспіз. Мұның сыртында фильм­де ата-бабаларымыздың алтыннан бұйым жасау шеберлігі де сөз етіледі. Осы­лайша шығармашылық топ Батыс Еу­ропа елдерінің қайта өрлеу кезеңі сияқты, сақ дәуірінің де біздің тарихымыздағы ер­екше кезең болғанын көрсетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста