Сүлейменов оқулары өтті

Кеше ҚР Білім министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты аса көрнекті қазақстандық шығыстанушы-ғалым Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтің
80 жылдық мерейтойына арналған «Сүлейменов оқуларын» өткізді. Жиынға шығыстанушылар, тарихшылар қатысты.
Басқосуға жиналған ғалымдар Қазақ­стандағы қоғамдық ғылымдардың жағ­дайына тоқталды. Экономика ғылымының докторы, профессор Оразалы Сәбден: «Қытай секілді дербес елдер қоғамдық ғылымдарды арнайы институттарға шо­ғыр­ландырған. Олар қоғамдық ғылым­дардың идеологиялық құрал бола ала­тынын жақсы түсінеді», – деді. Сол секілді шығыстанушы-ғалым Рамазан Сүлей­меновтің мәдениет, тарих, халықаралық байланыстар, саясат тақырыбында жазған еңбектерін ғалымдар баяндамаларында атап өтті. Оқулар барысында соңғы жыл­дары Шығыстану институты қызмет­керлерінің зерттеулері арқасында табылған тың жаңалықтар мен материалдардың тұсаукесері өтті. Шығыстану институты директорының орынбасары Әшірбек Мү­минов: «Рамазан Сүлейменов 1992 жылы қайтыс болды. Тәуелсіздіктен кейінгі зерт­теулерді арқалап келген зерттеушілер бүгін шығыстану ғылымының бүгіні мен бола­шағын талқылады. Оған қоса екі көрме ұйымдастырылды. Көрмеде «Қазақстан: шығыстану ғылымы», «Мәдени мұра» сериялары мен Шығыстану институты қыз­меткерлері монографиялары таныс­тырылды».

Дерек
Рамазан Бимашұлы Сүлейменов – танымал тарихшы, мәдениет мәселелерін зерттеуші, шығыстанушы, қазір өзінің атымен аталатын Шығыстану институты­ның негізін қалаушы. Еліміздің тарих және шығыстану ғылымының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті ғалым, XX ғасырдағы қазақ зиялыларының ортасынан шыққан тарихшы-ғалымдардың үшінші буынына жататын тұлға. Ол кісінің авторлығымен 100-ден астам кітаптар, мақалалар мен рецензиялар дайындалды. Олардың ішінде «XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихынан (Абылай хан)», «Темірбек Жүргенов», «Ш. Уә­лиханов – шығыстанушы» және т.б. еңбектері қазақ ғылымының дамуына өз үлесін қосып келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста