Шұбар тілді шенеуніктерге жаза бар ма?

Шұбар тілді шенеуніктерге жаза бар ма?

Қазір әкімдердің жаппай есеп беру кезеңі жүріп жатыр. «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп, әйтеуір жаманын жасырып, жақсысын асырып әуре. Осындай есеп беру жақында Шымкент қаласына қарасты әл-Фараби ауданында да өтті. Ол жиынға қалалық әкімдік атынан әкімнің орынбасары Гаухар Көпеева ханым қатысты. Біздің бүгінгі айтпағымыз – әкімдердің есебі емес, осы Көпееваға қатысты болып отыр.

Халық алдындағы есеп беру болған соң, міндетті түрде түрлі сұрақтар болады. Бұл жиында да сан түрлі сауалдар қойылды. Әкімдер «емтиханына» қатысқан жергілікті «Замана» газеті Көпеева ханымның өзі бақылауда ұстайтын салаларға қатысты түскен сауалдарға берген жауабын бір сөзіне де тиместен, қаз-қалпында берген екен. Алдымен, сол сөздерден бір ғана үзіндісін барлығымыз бірге оқып көрелік.

...Қысқаша айтып кетейін, бізде 36 мыңнан астам очередьте тұр да. Оны біз қалай шешеміз? Мы начали разбираться, детские сады которые каждый ресторан, сауна, басқа да мекемелер боп кеткен. Соларды қайтару мәселесімен занимаемся. Но, допустим, мен бизнесменмін да, баяғыда мен заңды түрде мен приватизация жасағанмын да. Маған 15 жыл это прошло, допустим, да, 15 жыл проходит, и ко мне предъявляют претензия «Сен маған давай», мемлекеттік органдар, они же все равно имеют власть, силу дегендей да, анау-мынау деп, «давай, қайтар» деп, соны допустим, балабақша, да у нас стоит. Мы сейчас с этим занимаемся. Бізде облыстан жұмыс тобы құрылған.

Оны басқарып отырған өзі облыс әкімі. Почему, потому что Шымкент қаласы уже разгрузится, былай боп. Бір семьяда минимум төрт бала бар. Дұрыс па, олардың барлығын надо садикке устроить. Садиктер мынандай, любой бір садикті салсаң, минимум 350 миллиондай керек ақша, біріншіден; екіншіден, жер учаскесі керек. А әл-Фараби районы это же самый центр. О бізде вообще әл-Фарабийском районе ни одной земли нету нормальный. Бір изьяте жасасаң, ертең күнде прямо анау соттасып, масқара қылады. Бір вопросты шешу үшін қаншама жыл кетеді да, чтобы заңдастыру үшін. Енді, а теперь, бір садик негізі, да, вместимость тек қана 320-дай бала. Біз қазір правительствоға қандай ұсыныспен шығып отырмыз?

Осындай-осындай біз үлкен садикті саламыз, 1 мың балаға, сондықтан стоит задача, акиматқа, маған срочно 100 балабақша керек, соны давайте, қарастырайық деп. Поэтому, біз енді, конечно, мы басқа миницентр ашамыз, пришкольный. А может быть, частный үйлерді аламыз арендаға. Поэтому балабақша туралы... и жоспарда 2010 жылда где-то минимум 5-6 садик ашу. Былтыр «Асар» мен «Нұрсәтте» ашылған, новый, жаңадан салған. Ну, ол ашылғанда, ол это проблема. Ну всего 500 бала, оны мынандай 30 мыңнан астам баланы... это же надо по ходу быстро решать...

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстіктің орталығы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Көпеева Гаухар Мұхамбетқызының ана тіліне деген құрметі – осындай. Сөйлеу былай тұрсын, құжат дайындаудың өзі қазақ тіліне көшірілгеніне бірнеше жыл болған Оңтүстік Қазақстан облысындағы әкімдіктерде әлі де осындай басшылар жұмыс істейді. Дәл осындай әлемде кездеспейтін шұбар тілмен сөйлейтін басшылардың қазақша құжат дайындайтынына сенесіз бе?

– Елбасының өзі мемлекеттік тілді Мемлекеттік рәміздермен қатар қойып жүр. Сол себепті бұған аса жауапкершілікпен қарау керек. Әрине, лауазым иелері халықтың алдында сөйлегенде, есеп бергенде, үлкен дайындықпен келіп, таза, мәдениетті сөйлеуі керек емес пе?! Басшылардың тілді шұбарлап сөйлеуін мемлекеттік тілге деген менсінбеушілік деп білемін. Ана тілінде анық, жатық, көркем сөйлей білудің өзі – мемлекеттік көрсеткіштің бірі, мәдениеттіліктің, ұлтқа деген құрметтің белгісі іспетті.

Әркімнің сөйлеген сөзінен-ақ деңгейі, мәдениеттілігі көрініп тұрады. Сөздің «басын жарып, көзін шығарып сөйлейтіндер, өкінішке орай, әлі де аз емес. Теледидардан сөйлеген сөздерінен бір нәрсе түсіну қиын. Бұл дерт әсіресе жоғары лауазым иелері арасында жиі кездеседі. Олардың дені орысшадан қазақшаға аударып сөйлеген болады, бірақ еш нәрсе ұғынықты емес. Бастауышты аяғына, баяндауышты басына апарып, көркем тіліміздің жырым-жырымын шығарады. Соңында не айтқанын өзі де, біз де түсінбей қаламыз.

Рәміздерді дұрыс орындамаған, дұрыс орналастырмаған лауазым иесіне жауапкершілік бар. Тілге де осындай жауапкершілік болуы керек сияқты. Байқауымша, қазір қайта өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығы артып келеді. Білмегенін сұрап, ізденушілер көп. Солардың қасында қандастарымыздың мынадай тірлігі барлығымызға ұят келтіреді, – дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы Қабыл Дүйсенби.

Міне, біздің билік эшелонымызда әлі де мемлекеттік тілге мұрнын шүйіріп қарайтындар қатары сиремей отыр. Жаңадан туылған нәресте үш жасқа келгенде, таза сөйлей алады. Ал бес жасында екі ұлттың тілін меңгеріп алуға мүмкіндігі бар. Ал Тәуелсіздік алғанымызға 19 жыл болған мемлекетімізде ана тілін әліге дейін үйрене алмайтын басшы қандастарымыз баршылық. Шындығында, олар ана тілін үйрене алмай жүрген жоқ, үйренгісі келмейтін сыңайлы.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста