Голливуд актері Стивен Сигал Шыңғыс хан туралы қомақты бір дүние түсіргісі келетінін мәлімдеді.
«Америкадағы дағдарыстарға байланысты менің осы фильмді түсірсем деген ойыма қаржылық қиындықтар бөгет болуда. Сонымен бірге ондағы кино өндірісінің жағдайы да қазір онша мәз болмай тұр. Бірақ мен шынымен де Шыңғыс хан туралы үлкен бір эпос түсірсем деймін, бұл ретте маған көптеген ұсыныстар да түсуде. Бұл жобаны жүзеге асыруға, бәлкім, менің досым, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов көмектесіп қалар. Ол Шыңғыс хан өмірін өте жақсы біледі», – деді актер Астанада өткен баспасөз мәжілісінде.
С.Сигалдың сөзіне сүйенсек, ол осы бағытта көптеген зерттеулер жүргізіпті. Осы орайда С.Сигал: «Шыңғыс ханның бейіті үлкен және қазынаға толы. Онда даңқты қолбасшының аттары, тіпті әскері де бірге көмілген. Шамасы, ол адамдар өз-өздеріне қол жұмсаған немесе бақытсыз жағдайларға тап болған. Меніңше, моласын таппай жатқанымыздың себебі – Шыңғыс хан біздің өзін мазалағанымызды қаламайды. Бірақ бәрі Жаратушының еркінде, сондықтан бұйрық болса, біз оны табамыз», – деген ойымен де бөлісті.
Стивен Сигал Шыңғыс хан туралы кино түсірмек
Последние статьи автора