Спектакльде сөзбен қатар, әр қимыл, әр дыбыстың маңызы зор

Спектакльде сөзбен қатар, әр қимыл, әр дыбыстың маңызы зор

Бір ғана Алматының өзінде жекеменшік 17 театр бар десек, солардың ішінде шоқтығы биік, өз орнын ойып тұрып алған, өнерсүйер қауымның алғысын алып, қошеметіне бөленіп жүрген Байтен Омаров атындағы «Жас сахна» театры екінші маусымашарын өткізді. Театрдың бұл жолғы маусымашар шымылдығы Қазақ КСР Халық әртісі Бикен Римованың «Қос мұңлық» пьесасымен ашылды.
Ол шығармада бүгінгі күннің өзекті мәселесі - қазақтар арасында өз ата-аналарын қарттар үйіне өткізіп жіберушілер қатарының жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны баяндалады. Жасы отыздан асса да өмірден өз орнын таба алмай сенделген жігіттің қоғамдағы қарама-қайшылықтарға төтеп бере алмай, әлсіздік танытқаны, бір емес, бірнеше рет үйленсе де, алған келіншектерінің ешбірімен тіл табыса алмаған ол соңында бір арумен оңаша өмір сүру үшін жалғыз бөлмелі пәтерден анасын қуып шығудың сан түрлі айла-тәсілін қолданады. Ол үйде жігіттің анасы Күнзипа ападан бөлек, өзімен тағдырлас Гүлбарам есімді құрбысы мен қартайған шағында кемпірінен айырылған көрші ақсақалдың өмірі қатар көрініс табады. Олар өткен өмірлерін алма- кезек еске алып кейде күлсе, кейде мұңаяды, налиды, көз жасына ерік береді.
Көбей Құсайынов, Бикен Римованың ұлы:
-«Қос мұңлықты» бұған дейін Әуезов атындағы академиялық драм театр да, Болат Атабаев та сахналаған болатын. Олардың ешбірін бөле жарғым келмейді. Бір- біріне ұқсамайтын ол спектальдердің өзіне тән ойы, өз стилі қалыптасқандай. Менімше, бүгінгі қойылым да көңілден шықты. Әсіресе,жалғыз ұлдың үйге бейтаныс қызды ертіп келгені, және ол қыздың бастапқыда үйге мұсылман кейіпінде еніп, соңында айдаһарша ысылдап шығып, ізім- ғайып жоқ болғаны өте әсерлі болды.
«Жас сахна» театрының ерекшелігі әр қойылымда музыка мен жарыққа басымдық берілетініні.
Сағызбай Қарабалин, ҚР еңбек сіңірген әртісі, қойылым режиссері:
–Байтен аға көзі тірісінде өзі қойған спектакльдерінде сөзбен қатар әр қимылға, әр дыбысқа аса мән беретін. Сондықтан болар залдағы көрермендер қойылым барысында үнсіздік орын ала қалған жағдайдың өзінде демін ішіне тартып отырады. Ал мұны жетістік демей көріңіз..
Осыдан 12 жыл қазақтың белгілі театр режиссері, актер, қоғам қайраткері Байтен Омаровтың көзі тірісінде құрылған бұл театр осы күнге дейін жас актерларды үлкен сахнаға алып шығар ұстахана іспетті. Бастапқыда Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі жанынан ашылған театр тұрақты мекен-жайын Абай мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Жанна» сауда үйінің жертөлесіне ауыстырған. Оған себеп те жоқ емес, театрдың бас құрылтайшысы қызметін Байтен Омаровтың қызы «Жанна» сауда үйінің директоры Жанна Омарованың өзі атқарады.
Қойылымның басты рөліндегі Күнзипаны ҚР еңбек сіңірген әртісі - Татьяна Рақышева сомдаса, ұлы Алданды ҚР жастар сыйлығының иегері - Ержан Дарылқасынұлы, Самалды ҚР жастар сыйлығының иегері - Жанар Мақашева, Гүлбарам шешейді – Қарлығаш Жакетаева, Ахат ақсақалды – қойылым режиссері, ҚР еңбек сіңірген әртісі - Сағызбай Қарабалин сахналады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста