Өткен 2015-ші жылы қазақ өнері жаңа әншілермен толықты. Биылғы жылды өнерге бай жыл десе де болады. Көптеген нағыз таланттар сахнаға шығып, өз өнерлерін паш етті. Мысалы кезіндегі «Орда» тобы секілді өзінің ерекшелігімен көзге жарқ еткен, Ерболат Беделханның жаңа жобасы Ninety One отандық шоу-бизнеске аяқ басты. Алғашқы альбомын жарыққа шығарып, өз тыңдармандарын, яғни eaglez-дарын тапты.
Ерболат Беделханнан қалмай қос бірдей продюсер де өз бойз-бэндтерін ел назарына ұсынды. Нақтырақ айтсақ, Алуа Қонарова мен Баян Есентаева. Renzo тобын Алуа ханым жыл соңында көрсетсе, Баян ханым өзі ұйымдастырған байқаудан «Алау» тобын құрастырды.
Қазақ сахнасында өз орыны бар "Кеш You" тобы да биыл құрамын өзгертті. Осылайша, топқа қосылған жаңа қыздар өз шығармашылығына кірісті. Сондай-ақ, биылғы жылдың жаңа есімі ретінде Бауыржан Ретбаевты да айтып кеткен жөн болар. Себебі, ол биыл алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды.
2015-ші жылдың жаңа есімдерінің қатарына Зейнешті де қоса кеткен дұрыс болар. «Тентек» тобынан бөлініп шығып жеке шығармашылығын бастады. Өкінішке орай, ол ұрланған ән болып шыққан еді.
Жыл басында жеке шығармашылығын бастаған Кәмшат Жолдыбаева да бұл тізімге ілікті. Ол бірнеше бейнебаян түсіріп, көпшіліктің назарына ұсынды.
Ал, соңғысы бүгінгі күні жыл жаңалығына айналып үлгерді. Кім екенін сезіп отырған боларсыздар. Ол Мс Сайлаубек. Атыраулық Снуп Дог атағына ие болған Сайлаубек бүгінде бірнеше қалаларда жеке концертін беріп аса танымал атанды.
Биылғы жыл жаңа топтардың жарыққа шығуымен есте қалатыны сөзсіз. Келер жылы да қазақ эстрадасы жаңа өнер иелерімен толығады деп сенеміз.