Танымал экстрасенс, "Битвы экстрасенсов" жобасының жеңімпазы Камрян Самедов сегіз жылдан кейін Қазақстанның атын әлемге танытатын шоу-бизнес королі пайда болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол Нұрмұхаммед Ибрахим есімді жас баланың танымалдылыққа қол жеткізетінін болжады.
"Осы бала сегіз жылдан кейін шоу-бизнес королі атанады. Ол қазақтың атын әлемге танымал етеді. Мен оразадан соң бұл баламен жеке кездесетін болдым. Менің сөзімді арада уақыт өткенде еске аласыздар", - деді Камрян Самедов.
Ал бұл болжамды жақсылыққа жорыған желі қолданушылары "Айтқаның келсін", "Дауысы ерекше бала ғой", "Талабы таудай балақай", "Өнерің өрге жүзсін" деп ақ тілектерін жаудырды.