Шоқанның Қашқар экспедициясы жанданды

Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың жолымен саяхат жасап, Қашқар экспедициясын қайталап шықты, деп хабарлайды «Алаш-ақпарат».
«Біз «Уәлиханов экспедициясы» деген маршрутпен саяхат жасап қайттық. Бұдан бес жыл бұрын біз Шоқан Уәлихановтың жолымен жүріп, ары қарай өте алмағанбыз. Қашқар саяхаты қалған. Биыл Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының бастамасымен әрі Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен оны да іске асырдық. Біз Қашқар экспедициясының аяқталғанына 150 жыл болғанын еске алумыз қажет. Себебі оның тәрбиелік мәні зор. Шоқан жолдарымен өтіп қана қоймай, Орталық Азия – Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы Ұлы Жібек жолын жандандыру да экспедицияның негізгі мақсаты болды. Біз Үрімші қаласынан бастадық. Бұның да символдық мәні бар. Себебі Шоқанның жазуларында «Қашқардан Турфанға дейін» деген мәліметтер көрсетілген. Негізі, бұл саяхатқа қатысқан адамдар Шоқанның арманын іске асырды деуге болады. Себебі біз Такла-Макан, Турфан жазығы арқылы өтіп, Қашқар арқылы қырғыз жерімен қайтып келдік. Сол саяхат барысында біз Шоқан өткен барлық жерлерде болдық. Осы жұмыстың нәтижесінде «Шоқан жолдарымен» атты кітап-альбом үш тілде жарық шығады. Онда экспедиция мүшелерінің суреттері, естеліктері, жалпы Шоқан туралы көптеген мәліметтер жинақталады», - дейді профессор, саяхатшы Орденбек Мәзбаев.
Алайда «Шоқанның жолдары» онымен шектелмейді. Алдағы уақытта Шоқан Уәлихановтың туған жері – Құсмұрынға арнайы экспедиция аттанады. Одан кейін Алтын емелдегі мұражайға саяхат жасалады. Ал ең соңында Шоқан Уәлихановтың Қашқардан кейін жасаған есебін жариялау жоспарланып отыр. «Міне, сол кезде біз «Шоқан жолдарын» толығымен аяқтадық деп айта аламыз», - дейді О.Мәзбаев. Ғалымның айтуынша, экспедицияның арқасында жаңа туристік маршруттарды ашуға мүмкіндік бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста