«Славян базарын» қақ жарған қазақ әні

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық байқауда қазақстандық әнші Динара Сұлтанның тамаша өнер көрсетіп жатқанын, жүлделі орыннан үлкен үміт күтетініміз туралы жазған едік. Міне, Динараның тілеуін тілеген халқының үміті ақталып, әнші қызымыз «Славян базары» байқауынан жүлделі III орынмен оралды. «Витебск-2010» эстрадалық ән додасында бес мың көрерменнің алдында ән салып, қазылар алқасының ерекше ықыласына ие болған Динараны отандастары салтанатпен қарсы алды.

Шілденің 7-сі мен 16-сы аралығында Беларусь елінде XIX Халықаралық «Витебскідегі славян базары» байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Динара Сұлтанның Армения, Беларусь, Болгария, Босния, Литва, Словакия, Хорватия, Гүржістан, Куба, Молдова секілді 19 мемлекеттің үкілеген үміткерлерінің арасынан суырылып, III орын иеленуі – еліміз үшін үлкен жеңіс. Сондай-ақ Витебскіде осымен сегізінші жыл қатарынан балалар байқауы өтіп келеді. Бұл байқауға да біздің балақайларымыз алғашқы жылынан бастап қатысуда. Ал биылғы балалар байқауында қазақстандық жеті жасар Айару Орманова жүлделі III орынды иеленіп қайтты.

Эстрадалық әндерді орындаушылардың жарысына қайта оралар болсақ, үш кезеңнен тұратын ән байқауының алғашқы кезеңінде әр әнші өз елінің әнін орындады. Бұл кезеңде Динара белгілі музыкант Ерлан Көкеевтің «Сен» деген әнін нақышына келтіріп орындап, бірінші кезеңнің ең үздігі атанды. Байқаудың тәртібі бойынша екінші күні қатысушылар Белоруссияның ұлттық оркестрінің сүйемелдеуімен славян тілінде әндер шырқады. Үлкен байқаудың сахнасында бірінші рет өнер көрсету Динараға оңай соқпаса да, ол сыннан сүрінбей өтті. Байқауға қазылық еткен Украинаның халық әртісі Таисия Повалий, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Инна Афанасьева, Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиева, мальталық тележүргізуші Джиллиан Аттард, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Игорь Корнелюк т.б. өнер адамдарының көңілінен шыққан Динара халықаралық байқаудың лауреаты әрі жүлдегері атанды. Байқау соңында Динараға Беларусь және Ресей одақтас мемлекеттерінің жеке ән жинақ жазу үшін тағайындаған арнайы сыйлығы – 250 мың рубльдің сертификаты табыс етілді.

Қарлығаш ӘБДІХАЛЫҚОВА, «Витебскідегі славян базары» халықаралық байқауының ресми өкілі:
– Қатарынан он тоғызыншы рет өтіп отырған «Славян базары» байқауына Қазақстан жылда қатысады. Өз басым он жылдан астам уақыттан бері осы байқаудың тұрақты өкілімін. Осы уақыт аралығында біз екінші рет эстрадалық орындаушылар байқауында үлкен жетістікке жетіп отырмыз. Алғашқысында белгілі әнші Маржан Арапбаева шебер орындаушылығының арқасында II орынды қанжығалаған болатын. Бұл жолы біздің Динарамыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мәртебемізді тағы бір көтеріп тастады. Жалпы, «Славян базары» – ауқымы өте кең байқау, мұнда он беске жуық бағыт бойынша қатысушылар бақ сынасады. Соның ішінде эстрадалық әндерді орындаушылардың жарысы өте үлкен беделге ие. Динара Витебскідегі байқауға қатысу үшін 28 үміткердің арасында өткізілген кастингте таңдалып алынды. Кастинг Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында өткен еді. Кеңес Дүйсекеев, Лаки Кесоглу, Нағима Есқалиева, Люция Төлешова секілді белді әншілеріміздің таңдауы Динараға түсті.

Динара СҰЛТАН, «Витебскідегі славян базары» байқауының жүлдегері:
– Мен үшін мұндай үлкен байқауға қатысудың өзі – үлкен мәртебе. Бұл менің халықаралық байқаудағы алғашқы жетістігім болғандықтан, әлі толқып жүрмін. Болашақта әлі талай байқауларға қатысамын деп ойлаймын. Әзірге репертуарымда әндер көп емес. Негізінен, Қуат Шілдебаев, Еркеш Шәкеев секілді сазгерлердің әнін орындап жүрмін. Байқауда жеңіп алған 250 мың рубльге Ресейдің, Қазақстанның жақсы дыбыс жазу студияларында ән жаздырмақпын. Сәті түссе, әнжинақ жаңа жылға дейін жарық көреді деп ойлаймын. Мен, негізінен, блюз, джаз стиліндегі лирикалық, қазақ тіліндегі әндерді орындаймын.

Еліміздегі шоу-бизнестің деңгейін әлемге танытудың бір мүмкіндігі – осындай халықаралық байқауларда топ жару. Өйткені қашанда қай ұлтты болсын, өнері мен спорты арқылы ел таниды. «Славян базары» секілді халықаралық байқауға Беларусь мемлекеті өте маңызды жоба ретінде үлкен қолдау білдіреді. Сондай-ақ онда дүниежүзіне байқау туралы ақпараттарды таратып отыратын ұлттық баспасөз орталығының жұмысы да ойдағыдай жолға қойылған. Біздің елімізден барған өкілдердің айтуынша, байқау барысында өнерпаздарымыз ғажап өнер көрсетіп жатқан тұста қазақстандық журналистердің қолдауы жетпей жатқан. Әсіресе байқаудың алғашқы күні Динара үздік шыққанда, оны қаумалаған журналистердің арасында өз отандасының болмағаны – өкінішті.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста