Қазақстандық эстрада жұлдызы Сиви Махмуди ел арасында өзінің ажырасып кеткеніне қатысты қауесеттерге жауап берді. Көпшілік әнші мен оның күйеуі екі бөлек кеткенін болжап, оларды қызу талқылауда деп жазады Youtube желісіндегі "ShowNewskz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі ел көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, ажырасу мәселесіне нүкте қойды.
"Өтірік жалған ақпарат. Жол апатынан кейін менен сұрады "Ажырасып кеттіңіз бе? Сондай сыбыс жүріп жатыр" деп, сосын мен "Жоқ, көріп тұрғаныңыздай үйде жүр" деп айттым. Дұрыс емес ақпараттар жүріп жатыр" , - деді әнші.
Оған қоса, Сиви Махмуди қазіргі таңда әлі де толықтай күйзелістен шықпағанын айтты. Ол жол апаты мен құрбысы Жанар Хамитованың өлімінен есін жинай алмай жүргенін жасырмады.