Сиви Махмудидің жары Аңсар Қажымұқанұлы алғаш рет ел алдына шығып, сұхбат берді. Олар отбасылық өмірлерінің қызықтары мен қиындықтарын айтып, жан сырларын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Аяқ асты тауға алып кетті. Мен сөз айтады деп ойламадым. Өзі мені алып барды да, "қазір келемін" деп жоқ болып кетті. Сөйтсем маған арнаған неке жүзігін жоғалтып алыпты. Соны іздеп жүріп, бірнеше уақыттан кейін үсті кір-кір болып келіп тұр", - дейді Сиви.
Жарының ел алдында алғаш рет эксклюзивті сұхбат беріп отырғанын айтқан әнші екеуінің алғаш танысқан кездерін де еске алды.
"Көліктің ішінде құрбыларыммен құрт жеп отырғанмын, сосын достарымен бірге жолдасым келді. Қыздарға тиісе бастады", - дейді Сиви.
Сол қыздардың ішінде Аңсарға құрт жеп отырған қыз ұнап қалады.
"Көзі, еріндері сұлу. Қасындағы құрбылары Сивидің жанында көрінбей қалды. Кейін екеуміз қалада жиі ұшыраса беретін болдық. Маңдайымызға кездесу нәсіп болған шығар", - дейді Аңсар.
Сиви болашақ жарын әкесіне ұқсатса, Аңсар да Сивидің бойынан анасына тән ұқсастықтарды аңғарған.
"Сиви өзі көзілдірік тағады, менің анам да көзілдірік киеді. Сосын "анама қатты ұқсайсың" деп айттым. Анар анамызбен танысқанда бойынан әйелге тән қасиеттердің көп екенін байқадым. Жанұялық проблемаларды үйде отырып шешіп, сыртқа шығармау сынды таза қазақтың салт-дәстүріне сай қағидаларды ұстанады екен.
Ол кезде Сиви жас, танымал дегендей көп нәрсеге мойынсынбай, менсінбейтін. Анасына қарап, кейін қызы да осылай болады ғой деп ойладым. Сол себепті ең алдымен анасын ұнаттым ", - дейді ол.
Еске салсақ, Сиви мен Аңсардың үйлену тойлары Дубай қаласында өткен. Жұбайлар бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.