Биыл отандық эстрада саңлақтары еліміздің "Еңбек сіңірген қайраткері" мен "Құрмет" орденін иеленіп жатқанда, көпшілікті Димаш Құдайбергеннің бірде-бір жүлдесіз қалғаны алаңдатуда. Көптің көкейінде жүрген сұраққа өнер академиясының ректоры жауап берді деп жазады 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Димаш былтыр мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығын алды. Содан кейін, президентіміздің үлкен сыйлығы стипендия бар. Соған да ие болды. Стипендия иегерлері арасында одан басқа Бибігүл Төлегенова мен Асанәлі Әшімов те бар. Мен ойлаймын бұл да үлкен дәреже.
Оған қоса, тұнғыш президент қорының арнайы лауреаты белгісі бар. Оған да Димаш ие болды. Меніңше, ол бір-екі жылда халық күтіп отырған ықыласқа сөзсіз бөленеді" , - деді Асхат Маемиров.
Ректордың пайымдауынша, Димаш Құдайберген алдағы уақытта міндетті түрде Қазақстанның "Еңбек сіңірген қайраткері" атанады.