Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Сүгір Бегендікұлы (1894-1974) (күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз). Маңғыстау топырағында дүниеге келген белгілі ақын-жыраулардың бірі Сүгір Бегендікұлы өресіне табиғат берген өнер дарынын халыққа сыйлап, оның ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген, бар парасатты ғұмырына еліне қызмет етумен өткізген асыл перзенті.
Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Қажы” атанған кісі. Бейіті Шопан ата зиратына қойылған.
Сүгірдің ауылдары қыста Аққуыс-Шөшік, Ақпан, Ажырықтыой, Қызылсу, Сенек-Сұмсасы, Аққұдық өңірлерін қыстап, жазда Үстіртте Ұзын, Уәлі, Дүңгірлек, Дауысты, Жүзадын шыңыраулары маңын, Жем бойын жайлаған. Сүгір жасында Саздыдағы Бәли Нұрнияз ақынның мектебінде білім алған. Жас кезінен-ақ өнерге жаны құмар болып өскен ол домбыра тартып, жыр үйреніп айтып, жиын-тойларда жиі-жиі көрініп, елге танымалы бола бастаған. 16 жасынан бастап халық ауызына ілініп, өнері бағалана бастаған Сүгірді, үлкен-үлкен жиын-мерекелерге шақырып ән салдырып, жыр айтыратын болған. Ол “Қарасай Қарлы”,”Едіге”,тағы басқа жыр-дастандарды жырлап айтуға машықтанады, өзі де өлең шығарумен айналасады.
Сүгірдің бүкіл елге әйгіленген жиын 1921 жылы өткізілген Әли Тауанның асы екен, кейіннен Қырымқұл Ұзақбай Жырау Сүгірге арнаған арнауында:
Әлі Тауының асында,
Сен жиырма жеті жасында,
Бегендікұлы сен бе деп
Бір көруге мұң болып.
Екі мың атты астыңды
Сұлулар талай бүгілген...
деп жыр арнапты. Сол жиында жас Сүгір үздік өнер көрсетіп, халықтың жоғарғы бағасына ие болған. Оған сый-сияпат көрсетіліп, атағы жоғарғы, төменгі Адай еліне кеңінен таралған. Осыдан кейін-ақ Сүгір өзінің келешек ғұмырын өнер жолына біржола бағыштаған. “Сүгірдің термесі” ,”Сүгірдің әні”, ”Сүгірдің жыр-сазы” тәрізді әуендері ел арасына жайылады. Сүгір бір шығарманың өзін, өзі шығарған бірнеше әуенмен құбылта орындап, тыңдаушыны баурап алатын қасиетке ие болған, жыршылық, ақындығымен қоса композиторлық дәрежеге көтерілген дарынды өнер иесі.
Маңғыстау өңірінің халқына тұрмыс ауыртпалық тауқымет түскен отызыншы жылдардағы елдің етегі сөгіліп, ”Балапан басына, тұрымтай тұсына” кеткен заманда Сүгір ауылдары күнелтіс қамы үшін Бесқала бетіне ауыл көшіп кетеді. Сүгірдің үйі Қоңырат, Хожелі, Нөкіс, Көне, Шаржау, Ташауыз, Байрамалы, Тәжен, Ашқабад, Шағадам қалаларында болып, көбірек мезгілін Қоңырат өңірінде өткізген. Сүгір кейіннен яғни 1967 жылы ата қонысы Маңғыстауға бағыт алып, Ақжігіт кентіне үйімен көшіп келіп, сонда 3-4 жыл қоныстанып отырады да, 1971 жылы Өзендегі Қызылсайға көшіп келіп тұрақтайды. Сол жерде 1974 жылы сексен жасында көз жұмады, оны Шопан-ата қауымына жерлейді.
Сүгір Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл жыраулармен тұз-дәмдес болған, олардың үлгі-кеңестерін алған. Өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың шығармаларымен бірге өзі шығарған терме, толғауларын да халық арасына тынбай насихаттап өткен. Сүгір жырау Абылдың, Ақтанның, Нұрым мен Қашағанның, Әбубәкір мен Сәттіғұлдың, тағы да басқа ақын-жыраулардың шығармаларын елге таныстырумен қатар, оларды өз шығармаларында мадақтап жырға қосқан. Хорезм жағында жүріп “Арман”, “Елді сағыну”, ”Қоштасу”, ”Терме” атты толғау жырларын шығарған. ”Октябрь”, “Беташар”, ”Тойбастар”, “Сәттіғұл ақынға”, тағы басқа да өлеңдері жергілікті газеттерге басылып жарияланған. Ұлы Отан соғысы кезінде "Аттандыру”, ”Аманат”, ”Жоқтау” тәрізді патриоттық рухтағы жырларын шығарады.
Сүгір жырау тек қана өз елінде емес, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстанның батыс облыстарын аралап, халық арасында өнер көрсетуге жарты ғасырлық ғұмырын арнаған. Қырықмылтық Бүркітбай, қазіргі белгілі Жыршы Жақсылық Елеусіновке батасын беріп, оларға ұстаз болған. Сүгірдің ұрпақтары туралы сөз етсек, тұла бойы тұңғышы Есқуат Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде шайқаста қаза болған, екінші ұлы Өтелген қазір зейнеткер. Өзенде тұрады, балалы-шағалы.
Сүгір Бегендікұлының ғұмырының көп бөлігі Бесқала жағында өткендіктен Маңғыстау өңірінде оның төл туындылары естілгені болмаса, баспа беттерінде жарық көрген жоқ. Тек соңғы 2-3 жылдан бері жыршылардың орындауындағы шығармалары жазылып алынып газет беттерінде жарияланып жүр. Сүгірдің өлеңдері мен арнау-толғаулары, жырлары жүйеленіп жарияланбай, оқырмандар қолына жетпей келеді. Алдағы уақыттарда Сүгірдің саздарын нотаға түсіріп композиторлық, сөздерін жүйелетіп, жинақтап, ақындық мұраларын ұрпақтар игілігіне жарату міндеттері тұр,бұл өнерді қадірлей білетін баршаға ортақ парыз.
Назарларыңызға Сүгірдің атақты шежіре жырынан үзінді ұсынамыз..
СҮГІР БЕГЕНДІКҰЛЫНЫҢ ШЕЖІРЕ ЖЫРЫ
Әуелі Алла жараттың
Аспан мен жерді пәм етіп
Алты мыңдай нәубет
Көк миуалы көгерттің
Жер жүзіне сән етіп
Жебірейлі періште
Жетпіс жыл билеп адамды
Бізге құран ал деген
әзірет Нұхының уақытында су тасып
Мұсылманның баласы
Кемеге салып ал деген
әузі деген кәпірге
Кемеге міне қал деген
Періштелерге бұйырған
әузінің терісін ал деген
Асық жілігін дарияның бетіне
Көпір қылып сал деген
Терісінде сол күннің
Төрт үлкен дария бар деген
Дарияның атын айтайын
Жайхын-шайхұн мін парап
Нұхыға түгел ал деген
Ай менен күнді жараттың
Рәушен жарық шамменен
Ыбырайым,Кенған екі ауыл
Алжасып дінге таласқан
Кенғанның бір әулеті
Іше берген арақ шараптан
Ыбырайымның әулеті
Келемесін қайырып
Ақап таудың етегі
Арапа бізге болсын деп
Алты тақты араптан
әжі барып дәм татты
әжі білімді бұлатқан
Он сегіз мың ғаламды
Сонда Сүлейменге сұратқан
Мұсылман кәпір бірігіп
Араласып жүргенде
Құлшылық үшін құдайға
Мұхамбетке үмбет болғанда
Бір дін құрсаулық қорықпыз
Атамыз Әнес сахаба
Мұсылманның баласы
Бір жүз жиырма бес таңбалы
Осы отырған көпшілік
Сол Әнестің аймағы
Араптар асып кетіпті
Мекке- Мәдине болады деп
Асанқайғы, Қазтұған
Алты жұрт кеткен бұл жерден
Әнестен туған Жабалды
Түбі атамыз Майхы би
Жайлыхан мен Сейліхан
Сейліханның баласы болғанда
Сегіз арыс бұл түркмен
Ақалтеке, Ерсары
Әйләдір, Жәуміт дегізген
әуелі туып егізден
Түмен деген кісіні сонда
Кіндік ата дегізген
Ат мініп барып асынған
Айләдір деген батырға
Шәудір деген бір ауыл
Қазақ қалпақ туыс секілді
Жақын екен арасы
Қазақ қалпақ екі ауыл
Әләу батырдың баласы
Қалпақ екен ағасы
Қалпақтың келіп алған жер
Әму дарияның сағасы
Төменгі жер Ер Сұлтан
Мұның келіп қалған жері
әр шахардың қаласы
Қоңырат, Шымбай екі шал
Бұл қалпақтың салған қаласы
Ағарыс пен Жанарыс
Кіші атам Бекарыс
Үш ананың баласы
Қарабайрлы менен Ғания
Сауран, Сырменен
Көшпелі болып сахара
Қырға шығып кетіпті
Кіші жүздің баласы
Жалайыр мен Даулат
Ұлы жүздің баласы
Арғын мен Қыпшақ
Қоңырат Найман төрт ауыл
Ортаны мекен етіпті
Қатықсыз қалған қалмақ жерінен
Білімді би төре мен
Тап сол жерден айырылып
Адай,Әлім байұлы
Тама- Табын жеті ру
Төмен қарай бұрылып
Тарғабайдың тауынан
Қатықсыз қалмақ жауынан
Бері шығып кетіпті
Саураннан келген ел екен
Мекен еткен жер екен
Сонда екі арасын бітірген
Хайбазы деген хан екен
Кіші жүздің ішінде
Мейізді шалдар да бар екен
Ең кейіні- бергі алшыннан
Нәдір қожадан туған жеті ауыл
Тама -Табын Кердері
Рамазан,Тілеулі,Жағалбайлы
Міне осыменен аршылған
Тастамай айтсам артынан
Құлақтай үні сарқылған
Шыға аламын ба бүгін шаршыңнан
Қара Кесек Әлім,Шүмекей
Майлыбай Әлім ағасы- ай
Алты аталы Әлімнің
Би Шолпан дейді анасы-ай
Жоғарыдан келген
Жосаба менен Қосаба
Әлім менен Шүмекей алады
Арғын Самал екі су
Тама -Табын алады
Жағалбайлы Кердері
Жайыққа таман барады
Қарақу мен Қаракөл
Есентемір, ел Беріш
Ысқақ, Шеркеш Байұлы
Кең қонысты жарады
Ұраны Мақай қара таз
Жас табан шар келдібай
Бұның қоныс еткен жер
Атыраудың сағасы
Жәнібек хан салған екен қаласын
Кіші жүздің баласы
Мекенсіз болып пырағы
Сонда Адайдың баласы
Жетпіс үй екен шамасы
Қонысына өкпелеп
Қырға қарай салады
Егізім Адай көшпе деп
Ала Сақал Алаша
Байұлының баласы
Сонда артынан қуып барады
Тыңдамады айтқанды
Оқ дәрісін текшелеп
Бір шығармын шетінен деп
Есболай,Шотан,ер Есек
Қырға қарай салады
Маңғыстауда үш түбек
Бұл Ноғайлардың жері екен
Қонып алып Адайлар
Құдықтың көзін ашады
Манағы келген жетпіс үй
Төрт мың үй болып жасады
Төрт Төрткілдің басында
Мекен етіп ел болып
Алпыс жыл қадам басады
Сүгір Бегендікұлы
Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген.
АҚЫН САРА. Сарамен айтысқан атақты Біржанның ағайындары
Ұлбике есімі елімізге таңсық болуы да ғажап емес
Қазақта Құлыншақ деген ақын өткен
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны
ДОСБОЛ БИ. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе
Еңсегей бойлы Ер Есім!
Алдар би
Құнанбай қажы Өскенбайұлы
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз)
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911).
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту