Шешендік сөздер

Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15-16 ғасырлар) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15-16 ғлардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т. б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген. Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады.

Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады. Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны - оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі—Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы, әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі-Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл- парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі-Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.

Халық аузынан
Жиренше шешен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен халық ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол Әз Жәнібектің сарай биі, шешені болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады.
Әз Жәнібектің шамамен 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян. Бір аңызда аң аулап серуен құрып жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы аққұбаша жетім балаға кездесіп, танысады. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе сол Әз Жәнібек ханның сарай би-шешені боп кетеді. Сонда Жиренше шешен де Жәнібекпен қатарлас, замандас болып шықпай ма?
Ал, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік Баяны" (1996) Жиреншенің даналық шешен сөздерінен басталады.
Ал, Жиренше шешен жөнінде Қазыбек бек Тауасарұлы "Түп-тұқианнан өзіме шейін" дейтін 1993 жылы "Жалын" баспасынан шыққан (баспаға әзірлеген жазушы Балғабек Қыдырбекұлы) кітабында былай жазады: "Бір жетім баланы, Қарабай қолбала етіп алыпты, - дейді Сенкібай шал, Сеңкібай Төкеңе төрт-бес атадан қосылатын кісі. Төкең сұрастыра келе, қыз кәдімгі Жиренше шешеннің шөбелегі болып шығады. Қыз "Менің әкем Бәкір, оның әкесі Тілеубай, оның әкесі Атай, оның әкесі Шақ, оның әкесі Жиренше" - деп сайрайды". Бұл Жиреншенің өзінен бергі үрім-бұтағы. Ал, шешеннің өзінен арғы ата-бабалары әлі беймәлім.
Жиренше шешен жөнінде Қазақ Совет Энциклопедиясында былай жазылған: "Жиренше шешен қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкер, ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы. Қазақ аңыздары бойынша Жиренше ше шен тарихта болған. Жәнібек ("Әз Жәнібек") ханның тұсында өмір сүрген кісі. Ал айда тарихта Жиренше шешен туралы нақты деректер аз. Ол жөніндегі шығармалардың дені көп халыққа ортақ сюжеттерге негіз болған. Қазақтан өзге түркі, монгол және үнді-еуропа халықтарының фольклорында Жиренше шешен туралы шығармалар кездеседі. Қазақ фольклорында Жиренше шешен жайлы ертегі, аңыз, әңгіме, анекдоттар бір топ...".

Жиренше шешен жайлы аңыз
...Былтыр Жиренше шешен науқастанып, сырқатына шипа ем дарым зәруатын дарымдап, сауыққан соң ой тапсырғы айтып, қайтқалы жатқанымда, Жиренше шешенге хан Әз Жәнібек тақай шақырғыш жасауылын жіберіп, шешенді шақырыпты. Жиренше:
- Сен қайда бармақсың, бірге жүр, егіздеп барайық, - деген соң, мен оған ілесіп Ақордаға барсам, Жәнібек хан тағында уәзірлерімен шенді-шекпенділері екіге жарылып, ортасын бос тастап отырыпты. Біз хан тақсырға амандағыш жөрелгі аяқ жоқ еш.

Жәнібек хан:
- Ей, Қарабас! Көз мұрын жербет қайсы? - деп, Жиреншеге оқты көзімен ата қарағанда, мен ішімнен бір сұмдық болмас па екен деп, Жиреншені ханның "Қарабас" дегені қалай деп, аң-таң болып тұрдым да қалдым. Бірақ Жиренше зымырай:
- Күлкі жербет, ұйқы жербет, тамақ жербет, талақ жербет көз құлақ елі, ауыз кем ғой - деп еді, хан жымиып қойды да:
- Көз мұрын сағымған қайсы? - деді. Ойлануға еш кезек бермейін дегендей тақсырғала, Жиренше іркіліссіз:
- Ажал сағымған, несіп сағымған, неке сағымған, талғақ сағымған, қонжат сағымған оң қол еді, көзді өтей тастақа отырсыз ба? - деді Жиренше. Оған жауап бермеген хан тағы да Жиреншеге: "Бишеқор қаншаға? - деді. Жиренше:
- Бастармақсыз шопан табын бишеқор, түйіні жоқ ой бишеқор, қараүзген шипагері жоқ ел бишеқор, лықсып малы, толықсып елі жатпаған бел би шеқор, өңгерін елі қадірлемеген ер бишеқор, оң қол екен, - дей бере, хан:
- Бізде қараүзген шипагер бар ма? - деп сұрады Жиреншеден. Жиренше:
- Тақсыр, өзі білгі алдыңызда, білмесеңіз қарызыңызда тұр, - деді. Хан аз-кем бөгеліп:
- Ол кім? - деді. Жиренше мені сұк қолымен нұсқап көрсете тұрып:
- Мұның сүйегі ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан. Лұхман хакімнен төлім алған. Аты Өтебойдақ, шипагерлікпен өтерден мормахы өліжан, - дейді. Менің төбем көкке жеткендей болды. Жәнібек хан көзін менен алмастан, басын изей ойланып алды да:
- Жарайсың Қарабас! Басың нағыз алтын бас, тілің нағыз гауһартас екен. Әкең атынды тауып қоя алмапты "Қарабас" деп, екі ілікке алуға жарымпас деп, өттең, қойса жөн екен "Алтынбас" деп, - деді Жиреншеге бұрылып. Кенет Жиренше езгі тағызым жаса ханға:
- Әкем менің атымды жағалап қойыпты, сіз бағалап қойдыңыз, жұрт ағалап шығар. Бірақ, тақсыр, менің атым "Қарабас" емес, Жиренше. Азан айтып қойған аттан айырылып босқа күйгенше, басымды шауып тастаңыз, қара жерге кірейін ғазиз басты игенше, - деді де, езгі тағызым жасап тұра берді. Хан бедірейе қарап бір сыпыра отырды да, кенет түсін жылытып:
- Жасың қаншада? - деді сұрап Жиреншеден, Жиренше:
- Жылым айбар, қырық беске келдім. Біле алмадым мәнін, мен қалайша өлдім? - деді. Хан:
- Сен онда Қанай шешенмен тумалас екенсің, сол айтқан еді, - деді. Қанай шешен осы орайда Жиреншені жеңіп алғысы келді ме, тұтқайлы дүрсе қоя беріп:
- Білсең айтшы, дүниеде не өлмейді? - деді. Жиренше:
- Әділдіктің заты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, - деп зымырғай жауап беріп тұрса да, ханнан көз айырмай, Қанайға қайырылмастан, Қанай:
- Жиренше! Күннің көзі өлмейді, жердің жүзі өлмейді, ағынды су өлмейді, аспандағы ду өлмейді, - деді. Жиренше:
- Қанай, қаңғып кеттің, тапа-тал түсте қалғып кеттің. Қара жердің өлгені үстін қардың жапқаны, ағын судың өлгені бетіне мұз қатқаны, күн көзінің өлгені қызарып барып батқаны, аспанда дудың өлгені, көктің айық тапқаны. Ажал келіп тиген оқ Алланың көздеп атқаны, - дегенде, Қанай үндей алмай қалды. Жиреншеден басқамыз хан бастап ду күлістік. Қанай жер болды. Жәнібек хан:
- Қанай шешеннің бас жағындағы бос орынға отыр! Тумалдастың құдайы бір, дүрдүн тауар түйіні бір, - деді Жиреншеге қарап жымия. Сонда Жиренше отыруға асықпастан:
- Қасымдағы қандалмамды қайтемін? - деді ханға қарап.
- А, не дейсің? - деп Жәнібек хан опырыла шорт сынардай, шатынай Жиреншеге оқты көзімен ата қарады. Менің зәреқұтым үшып кетті. Жиренше қаннан-қаперсіз, аспай-саспай тағы да мені нұсқап тұрып:
- Алдияр тақсыр! Қасиетті хансыз, жасай алмайсыз өмірлеуде раһит жансыз, сырқаттанып науқас атансаңыз, шипагер сырқатқа қандалмадай қадалмаса, науқасты бейнеттен айықтыра алар ма? Жардың ауған жүгін басқан арман боп кейде тайып тұра алар ма? - деді.
Ханды жан тәттілігі сергітті ме, болмаса Жиренше шешен қайта ескерткен соң есіне түсті ме, не сөз төркінін жете ұғынбағаннан төп-тартып өзінен өзі именіп қалды ма, белгісіз сабасына қайта түсе:
- Жиренше деген атыңды да алдың, шешен ділмар затыңды да алдың. Ханзадамның аты да Жиренше еді, Қанай шешен қарашаға ханзаданы теңей алмай айтқан болды ғой. Ордамда ханзада Жиренше, шешен Жиренше пар болса, қор болмайды екенмін, - деп жырғап, қарқылдай күлгенде, уәзірлері мен шенді шекпенділері де қарқылдасып, күлісіп, қау-қауласып мақтасып жатысты. Мен де Жиреншенің жұлдесіне қуана күле бердім.

Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста