Шешендік сөздер

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Бүгінгі санда түркі жұртшылығына ортақ жыршы Сыпыра жыраудың өзі сүрген дәуірде ел мен жерге қатысты, ұрпақ болашағы жайында айтқан сөздерінен үзінді бермекпіз.
Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ пен қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді.
Сыпыра жырау шығармашылығына алғаш назар аударған ғалым Ш.Уәлиханов болған. Оның аманқарағайлық қыпшақ Жұмағазыдан жазып алған шумақтарын Мелиоранский “Тоқтамыс жыры” жинағына енгізді. Ал Қ. Сәтбаев 1927 жылы баянауылдық қаржас елінің ақыны Қопабайдан екінші рет жазып алып, Орынбордан бастырып шығарады.
Аталмыш толғаудың мәтіні төменгідей:
Мен қартыңмын, қартыңмын,
Не көрмеген қартыңмын.
Бастыққа бастық, Бастық хан
Оны көрген кәріңмін.
Одан соңғы Кедей хан,
Оны көрген кәріңмін.
Одан соңғы Ала хан,
Оны көрген кәріңмін.
Одан соңғы Қара хан,
Оны көрген кәріңмін.
Құлағы шұнақ Хазар хан
Оны көрген кәріңмін.
Он екі тұтам оқ атқан,
Одан соңғы ер Шыңғыс
Оны көрген кәріңмін.
Мұнарасы қырық құлаш
Өзден сұлтан Жәнібек
Оны көрген кәріңмін.
Ұлы бабам Домбауыл
Соны көрген кәріңмін.
Жүз сексенге келгенде,
Сонша хандар өткенде
Жас та болсаң, Тоқым хан,
Сені көрген кәріңмін.
Бұл жолдар 180 жас жасаған кәрілігін куәға тарта отырып, көшпелі елдің өткен-кеткеніне барлау жасауымен құнды. С. Сейфуллин де “Қазақтың ескі әдебиеті” кітабында Сыпыра өлеңдеріне орын берген.
Ей, жігіттер, шоралар,
Он сан ноғай бүлгенде,
Саназар батыр жауынан
Жаралы болып келгенде,
Алаш, алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Аязды қыста айырылдық
Арасат оты жанғанда,
Хан қашып, би қуғанда,
Хан Тоқтамыс қорланып,
Байтағым деп зарланып,
Айтып жылай жөнелді.
Сап-сап жүре, сап жүре,
Сай азамат қосылып,
Жауды жайпай ала алмас,
Қара қыпшақ Қобыландым,
Сен секілді ерден соң.
Сондай-ақ, тарихшы Есім Байболов осыдан бірер жыл бұрын Сыпыраның Кавказ жұрты арасында сақталған біраз өлеңін жиып-теріп жария еткен болатын.

Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңыз

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста