Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

«Найман төлеу»
1880 жылдың шамасында Абай төбе би кезiнде Қарамола дейтiн жерге Шар өзенiнiң бойындағы жәрмеңке болатын мезгiлде билердiң төтенше съезiне барыпты. Бұл съезге арғын, найман, уақ пен керей — осы төрт арыстың билерi бас қосқан екен.
Осы съезге найманнан талапкер болып арғын-тобықтыдан мал дауын қуып Борсықбай, Торсықбай, Сасай деген билер де келiптi.
Сасай би көп сөйлемейтiн, бiрақ сөздi тауып сөйлейтiн, шаруасы шағын, қонақасы берерлiктей мал бiткен кiсi екен.
Төбе би Абайдың алдына барлық билер жиналып арғын-тобықты жағы найманға сөз берiп:
– Ал найманның билерi не дауларың бар, не талап етесiңдер, кәне айтыңдар, – дейдi.
Сонда найманның Торсықбай, Борсықбай билерi кезек-кезек сөз алып сөйлейдi:
– Я, бiз келiп, мына жаңа сайланған төбеби Абайдың алдында бұрынғы арғын, тобықты, уақ пен керейге сөзiмiз өтпей, қолымыз жетпей жүр едi. Соның салдарынан малымызға төлеу, кiсiмiзге құн ала алмай келдiк, – дейдi.
Бұдан кейiн арғын, тобықтылар «Қандай кiсiң өлдi, неден өлдi; Малыңды қалай алдың, қанша, қандай мал едi?» – деп сұрақ қояды.
Мұны тыңдап отырған найманның бiр ақсақалы: – Уа! Сасеке, ендi қашан сөйлейсiз? – дейдi.
Сонда Сасай тұрып сөйлеген екен.
– Өй! Арғын Тобықты айқайлап жылқымызды алмасаң, ел шауып қиқу салмасаң, жатқан төсектен сасып тұрып, артыңнан қумасам, жыра мен сайға жығылып кiсiм өлмес едi. Нақақтан кiсiм өлмесе, нақақ жала жабар ма едiм, мұнда келер ме едiм? Ал Абай мырза бұған не айтар екен, – деп Сасай би сөзiн тоқтатады.
Абай тұрып: – О, бұл сөйлеген кiм едi, – деп сұрайды. Сонда топ iшiнен бiреуi Абайға:
– Найманның Сасай деген биi осы кiсi, – дептi.
Абай: – Уа! Сасай келсе, мына сөздi Сасай айтса, найманға арғын тобықты аз берiп, көп жалыныңыздар, – дептi.
Абайдың осы сөзi билiк болып орындалғанда арғын, тобықты, найман адамдары өзара келiсiп, бiтiм малын алғанда: ер құнына – нар, түйеге – тайлақ, атқа – тай, қойға – қозы, сиырға – бұзау берiлiптi.
Осыдан кейiн Сасай:
– «Қойыңыз қозы болар, келер жылы өзi болар», – деп наймандарға малдың кiшiсiн де алғызыпты.
Абайдың бұл айтқан билiгi «Найман төлеу» аталып, ел аузында осы күнге дейiн мақал болып келедi екен.

alashainasy.kz/culture/48746/
alashainasy.kz/culture/48768/
alashainasy.kz/culture/48861/
alashainasy.kz/culture/48905/
alashainasy.kz/culture/49021/
alashainasy.kz/culture/49053/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста