«Серпер» жастарды серпілте алмады

Кеше Алматыдағы «Астана» қонақүйінің мәжіліс залында Қазақстан Жастар одағы тағайындаған «Серпер» жастар сыйлығының биылғы жылғы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Еліміз Тәуелсіздік алғалы бірқатар қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер қоғамның әр саласын қамтыған түрлі сыйлықтар тағайындауды дәстүрге айналдыра бастады. Бұл – бірінші кезекте әр саланың таңдаулыларына қолдау көрсетіп, соларды өзгелерге үлгі ету мақсатында қолға алынатын игі шаруа. Бұрынғы Кеңес Одағы тұсынан бері келе жатқан кейбір сыйлықтардың талаптары мен атаулары да бүгінгі қоғамға икемделіп, жаңаша түр-сипатқа ие бола бастады. Сондай бір беделді сыйлықтардың бірі – 45 жылға жуық тарихы бар Қазақстан Жастар одағының сыйлығы. Негізінен, әдебиет, өнер, ғылым саласын дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген жастарды қамтитын бұл сыйлық қазіргі уақытта «Серпер» деген атқа ие.
Екі жылда бір рет берілетін бұл сыйлықтың жыл өткен сайын салмағы кемімесе, арта қойған жоқ. Жастарға серпін бе­ру­ге тиісті сыйлықты тапсыру рәсімі бұрынғыдай салтанат­ты жағдайда өткізілмейді. Әйтеуір, ұйымдастырушылар жүл­де­герлер мен журналистерді бір жерге шақырып, сыйлықтарын үлестіріп беріп тарасады. Көбіне өнер мен әдебиет саласында жарқылдап шыққан жас таланттар алатын сыйлықты тап­сыру рәсімінде солардың бір өнері ортаға салынып, соңы әдемі кешке ұласып, аға буынның ақ тілегі айтылып жатса кәнеки?! Бірақ, өкінішке қарай, біз бұл жолы да «Серпердің» салтанатын көре алмадық. Аты дардай сыйлықты тапсыру рәсімінде Әшірбек Сығай, Бауыржан Жақып, Талғат Теме­нов, Ерлан Біләл сынды танымал азаматтардан құралған комиссия құрамының да қарасын байқамадық. Оның үстіне кілең қазақ жастары жиналған жиынның «бісмілләсі» орыс­ша басталып, ресми жиналыс түрінде ғана өте шықты. Ал әр саладан таңдалынып алынған «серпершілер» арнайы ма­рапат қағазы, төсбелгі және конвертке салынған жиырма мың теңгені қанағат тұтып, тарқасты.
Сонымен, «Серпердің» биылғы жүлдегерлерімен таныс болыңыздар:
«Әдебиет» номинациясы бойынша:
Мәлік Отарбаев – аудармашы, жазушы, Халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналы бас директорының орынбасары;
Саят Қамшыгер – ақын, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші.
«Журналистика» номинациясы бойынша:
Қаншайым Байдәулетова – «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, руханият бөлімінің меңгерушісі;
Оксана Мягких – Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі.
«Эстрадалық музыка» номинациясы бойынша:
Мәдина Сәдуақасова – эстрада әншісі;
Гүлнұр Оразымбетова – «Қазақконцерт» бір­лестігінің әншіci;
Өмірқұл Айниязов – Сүйінбай Аронұлы атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі.
«Театр өнері» номинациясы бойынша:
Зәуре Көпжасарова – М.Әуезов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық драма театрының актрисасы;
Анастасия Темкина – М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ак­три­сасы;
Мұхитдин Шынтаев – Ғ.Mүcipeпов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері;
Гюльнара Зиятова – Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының актрисасы;
Гүлзада Айтбаева – Түркістан каласының сазды-драма театрының актрисасы;
Талғат Қарынбаев – Түркістан қаласының сазды-драма театрының актері.
«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша:
Дәурен Мұхамеджанов – суретші-мүсінші, дизайнер.
«Ғылым» номинациясы бойынша:
Сәбит Шілдебай – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Отан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста