Серілердің сарқыты еді...

...1976 жыл болатын. Он жастағы ойын баласымыз. «Он сегіздің көктемі» атты әсем ән бозбала мен бойжеткендердің бәрінің жүрегін жаулаған. «Осындай керемет әнді кім шығарды екен?» деп тамсанып, ересектерге ілесіп, ыңылдап жүргенімізде, көрші Бөген совхозындағы Қайнарбұлақ ауылында тұратын «Бекеттің әні екен» деген хабар да жетті құлаққа. Өнерімен жастардың жүрегін жаулап, талайды тамсандырған Бекеттің жасы да 18-де екен...
...Сол кездегі тәртіп бойынша, Бекет те ке­ңес әскері қатарында екі жыл әскери бо­ры­шын өтеп, ауылға қайтты. Қазыналы қарт Қаратаудың баурайында өскен Бекет та­биғатқа, еркіндікке құмар еді. Бүркіт са­лып, тазы жүгіртіп, аң аулады, қақпан құ­рып, қасқырды жалаң қолмен соқты. Аң­шы­лық, саятшылықпен шектелмей, әр та­сы бір шежіре Қаратаудың тастарын да зерт­тей жүрді. Ат бара алмайтын жартас, қой­тас, құздарын жаяу аралады. Тынбай із­деніп, Қаратаудың балбал тастарын Ал­матыға жеткізген де осы Бекет болатын...
...1988 жылы Мәскеу қаласында Бү­кілодақтық жастар фестивалі өтетін болды. Осы фестивальге республика атынан жақ­сы адамдардың шарапатымен қатысып қайт­ты. Қатардағы қатысушы емес, қа­зақ­тың саятшылық өнерін көрсетіп, ұл­ты­мыз­ды жарты әлемге танытып, өзге жұртты таң­дай қақтырып, абыроймен оралды. Сондағы қолына бүркіт қондырып түскен суреті сол уақытта Одақта аты дүркіреп тұр­ған «Правда» газеті мен өзіміздің «Мә­де­ниет және тұрмыс», «Қазақстан әйел­дері» журналдарына шықса, 1995 жылы қа­зақтарды шетелдіктерге танытатын «Қа­зақ­стан» атты фотоальбом кітабының сырт­қы мұқабасына берілді...
...Біз Бекет екеуміз тағдырдың жа­зуы­мен араға 14 жыл салып, өзіміздің туып-өскен Шаян өңірінде емес, 1990 жылы Ал­матыда таныстық. Содан кешеге дейін аға-інілік, достық-сыйластығымыз үзілген жоқ.
1991 жылы тұңғыш рет республи­калық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Бекет осы бай­қаудың жүлдегері атанды. Сол кездерде танымал журналист Серік Жанболат «Саятшы Бекет Есентаев» деген керемет бейнефильм түсірді. Одан бөлек «Батыр Баян» фильмінде қобыз­шының рө­лін сомдады. Ал 1991 жылдың 6 қа­ра­ша­сында өз шығармашы­лығымен елімізге танылған жастармен бірге Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Нұр­сұлтан Әбішұлы­На­зар­баевтың жеке қа­был­да­уында Бекет екеу­міз бірге бол­дық...
...Иә, дүние – жалған. Дос туралы өткен шақпен жазу қандай ауыр! Бірақ, амал қанша?.. Тағдырдың жазуы, Алланың қалауы солай болса... Атам қазақ жігіттің жақсысын «сегіз қырлы, бір сырлы» деп бағалап жатушы еді. Сенің де сол санаттан екеніңе ешкімнің шүбәсі жоқ. Бір бойыңа бар өнерді дарытқан Алла мінезіңді томаға-тұйық қып жаратыпты. «Мен ән салғанда, маған қарамаңдаршы» деп өті­нетін ұяңдығың әншілік, сазгерлік талан­тыңды толық танытпады-ау. Әйтпесе екі­нің бірі – әнші, үштің бірі композитор болып, жыл сайын жеке концертін беріп жата­тындар сенің тырнағыңа да таты­май­тын­дар ғой...
...Гитара аспабының қазаққа сәл бө­тендеу екені белгілі. Сондықтан болар кез кел­ген қазақ баласы бұл аспапта ойнай бер­мейді. Ал гитараны сенің шертуің бө­лек еді. Ауыр балғаны төске ұрып, қақпан құ­рып, қасқыр соғуға ғана жаратылғандай кө­рінетін қарулы қол мен салалы саусақтар ги­тараның ішегі мен пернесінде қатар ой­на­ғанда... Иә, Құрманғазының «Балбы­ра­уыны», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымы», Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» сенің орындауыңда өзгеше түр­леніп сала беретін. Тыңдаушының буынын босатып, көңілін толқытып, ерекше күйге бөлейтін-ді.
...Қазақ сахарасы қашанда талантқа кенде болмаған. Сар даланың сал-серілерінің сарқытындай болып көрінген Бекет сері, сенен қапияда көз жазып қаламыз деп ойладық па? Сенгіміз келмесе де, ақиқаты – осы. Тұрмыс тауқыметімен алысып, күнделікті күйбең тірлік дарыныңды көлегейлеп, тасыған талант бойда тұншығып, халыққа кең тараған «Он сегіздің көктемі», «Өмірге сауал» әндеріңнен басқа 30-дан астам мұңға толы, сырлы әндеріңді көпшілікке жеткізе алмай, сен де өттің бұл жалғаннан, Бекет бауырым...
***
Аттылы-жаяу өзің талай кезген қарт Қаратау қойнауының Қайнарбұлақ ауылы маңындағы талай жақсы мен жайсаңға мәңгілік мекен болған «Ақ ата» қорымында жұма күні сенің де жамбасың жерге тиді. Артыңда көзіне жасын алып, жарың Фарида және үш қыз, екі ұлың мен жиен, немерелерің қалды.
Қош бол, бақұл бол, Бекет бауырым...
Жаның жаннатта болып, нұрың пейіште шалқысын...
...Көп нүктені көп, тым көп пайдаланыпсың дерсің, бәлкім... Көп нүктенің соңында аяқ­талмаған ой, айтылмаған сыр жататынын өзің де жақсы білетін едің ғой.
Сен туралы айтылар ой, ақтарылар сыр алда.
...Өзіңнің сүйікті аңшы мылтығың – қосауыздан атылып, шашырап түскен быты­радай көп нүктемен соңғы сөйлемді аяқ­тайын...
Әзірге осы...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста