Видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрда әнші мен әзілкеш жағадан алып, ұрысып жатыр.
Видеодан екеуінің “Адам сыйлауды білмейсің. Сыйлаған соң кеп тұрмын. Әнші болсаң, өзіңе әнші шығарсын” деген дауыстары естіледі.
Өзгелері араша түсіп, Ибрагимов пен Дүкенбаевты ажыратып алды. Алайда желі қолданушылары мұның кезекті хайп екенін айтып жатыр.
“Осыларға не жетпейді екен?”, “Кезекті хайп қой, атың шықпаса жер өрте”, “Қазір бұлай ешкімді сендіре алмайды, жасанды екені көрініп тұр ғой”, “Күлкім кеп кетті”, “Мүмкін шын шығар”, “Басқалар неғып телефонға түсіріп жатыр?” – деп жазды олар.
Айта кетейік, Асылхан Дүкенбаев “Жайдарман” арқылы көпшілікке таныс. Қызылордалық “Қорқыт” командасының капитаны. Отандық комедияларда бірнеше роль сомдады.
Серік Ибрагимов Қызылорда өңірінің тумасы, Асылхан Дүкенбаевтың жерлесі. Қазақ эстрадасының белді әншісі.
stan.kz