Сенатор ұлттық құндылықтар эфирде насихатталмай жатқанына күйінді

Депутат теле, радио эфирлерде қазақтың ән мен күйі саңқылдап естіліп тұрса ғана елдегі рухани жаңғыру ерекше сипатқа ие болатынын айтады
Қазақтың 1000 әні мен 1000 күйі жинақталды, бірақ эфирден естілмейді. Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Осы орайда сенатор Нұртөре Жүсіп заң жобасының өзектілігіне баса назар аударып, мәдениеттің қаншалықты маңызды сала екенін ерекше атап өтті.

"Шекара сызығы не үшін сызылады? Бұл &ndash елдің қорғаныс шекарасы ғана емес, мәдениет шекарасы деген сөз. Осы сызықтың ішінде мәдени кеңістік болады. Мәдени кеңістік аясында ұлттық құндылықтар қалыптасады. Біз Әл-Фарабидің, Абайдың және басқа тарихи тұлғалардың мерейтойларын тек той тойлау үшін өткізбейміз. Бұл шаралар Қазақстан халқын біртұтас &ndash бір мәдениет шеңберінде тәрбиелеуге бағытталған", &ndash деді Жүсіп.
Депутат заң жобасына енген жаңа нормаларды қолдайтынын да жеткізді. Атап айтқанда, фонограммамен ән айту шектеледі. Сенатордың айтуынша, ондай норма шынайы таланттарға жол ашады. Алайда ұлттық өнерімізге баса назар аудару қажет. Осы орайда Нұртөре Жүсіп "Қазақтың 1000 әні" мен "Қазақтың 1000 күйінің" жинақталғанын, бірақ соның бәрі эфирден естілмейтінін жеткізді.

"Эфир &ndash Қазақстан эфирі. Ондағы жиілікті мемлекет береді. Қазақстанда жұмыс істейтін түрлі теле, радио арналар эфирлік жиілікті конкурс арқылы алады. Ендеше неге біз мемлекеттің мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мәселесін талап ете алмаймыз? Радио таратушыларға неге міндеттей алмаймыз? Қазақстан эфирінде қазақтың ән мен күйі саңқылдап естіліп тұруы керек. Сонда ғана елдегі рухани жаңғыру ерекше сипатқа ие болады", &ndash деп атап көрсетті сенатор.

Депутат мәдениеттің тағы бір маңызды тұсына тоқталды. Ұлттық мәдениет пен рухани мәдениет адамды тәрбиелейді.

"Күнделікті түрлі былық-шылықтың, жемқорлықтың, сыбайластықтың, әдепсіздіктің орын алуы мәдениеттің болмауынан. Мәдени деңгейімізді көтермейінше, көп нәрсені жоғалтамыз", &ndash деді Жүсіп.

Айта кетейік, бүгін сенат депутаттары мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. Заңда әртістердің әдепсіз мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттеме енгізілген. Соның бірі &ndash фонограмманы қолдану туралы алдын ала хабарлау.
 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста