«Семей» энциклопедиясы сыр шертеді

«Семей» энциклопедиясы сыр шертеді

Осыдан үш жыл бұрын Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ұжымы оқу орнының ректоры, тарих ғылымының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың жетекшілігімен «Семей» энциклопедиясын дайындауға кіріскен еді.
Бұған дейін мол тәжірибе жинақтап, «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясын және 100 томнан тұратын «Алаш қаласы кітапханасы» сериясы бойынша оннан астам құнды кітап шығарған университет ғалымдары бүгінде қала тарихына қатысты 6000-ға жуық деректер жинап, оның 2000-нан астамына сараптау жұмыстарын жүргізді.
Хакім Абай, ойшыл Шәкәрім, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғалардың ізі қалған және кезінде Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары Алаштың туын тіккен шаһардың шежіресінен молынан мағлұмат беретін туынды алдағы жылы оқырман қауымның қолына тимек. Шаһар тарихынан сыр шертетін біраз деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

 Ұлылардың ізі қалған...
Қала тұрғындары Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлылар мекенінде дүниеге келгенін мақтан тұтады. 1854-1859 жыл­дар аралығында қаламызда Федор Дос­тоевскийдің тұрғанын баршасы біледі.
Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уә­лихановтың қызмет бабымен Семейде үш рет болғаны белгілі. Міне, ол осы са­пар­ларында Семейге бірнеше күн аялдап, өзі­нің сыйлас досы, орыстың ұлы жазушысы Фе­дор Достоевский, облыс прокуроры барон Врангельмен пікірлес болған, Се­мей­дің бай саудагері Тыныбай Кау­кенұлының үйінен дәм татқан. Жиһангер Семей арқылы Қашқарияға аттанған сапарында Тыныбай мешітінде Аллаға мінажат етіп аттанған. Осы сапары кезінде Семейдегі мешіттің суретін салған екен.
1913 жылы Семейде Қазақстандағы алғашқы футбол командасы құрылды. Мұсылман жастарынан құрылған «Ярыш» командасының құрамында Мұхтар Әуезов бастаған бір топ қазақ жігіттері ойнаған.
 1937 жылдың жаз айында анасы мен екі қызын ертіп, қаламызға жазушы Галина Серебрякова қоныс аударған болатын. Галина Иосифовнаның Семей қаласында өткізген екі жылының алғашқы жарты жылы ғана бостандықта өткен болатын. Ал қалған уақытын жергілікті түрмеде өткізген. 1939 жылдың қараша айында еріксіз сегіз жылға еңбек лагеріне жіберіліп, 1948 жылы қа­ламызға қайта оралады. Жа­зу­шы­ның қазақ елі­нің болашақ жарық жұлдызы Бибігүл Тө­ле­геновамен танысар сәті осы мерзімге тұспа-тұс келеді. Пианиноның қас шебері болған Галинаның анасы, бұл күндері хал­қы­мызға еңбегі сіңген әншінің консерва­торияға түсуіне үлкен септігін ти­гізеді.

Мұрағат құжаттарынан....
 Ағайынды Люмьер премьерасы Па­рижде 1895 жылдың желтоқсан айында бе­­рілсе, 1897 жылдың аяғында сол бағ­дарламада Новониколаевскіде (Ново­си­бирск) қайта демонстрацияланған. Кө­пес Федот Махотин проекциялық және тү­сірім аг­регатты иемденгеннен кейін, 1897 жыл­дың маусым айындағы «Томский листок» га­зетінің хабарлауы бойынша, семейліктер ар­найы залда ұйымдасты­рылған алғашқы ки­нофильм көрсетілімінің куәгерлері бол­ған. Шындығында, стацио­нарлық ки­не­ма­то­графтар, яғни «Модерн» және «Про­гресс» электротеатры 1910-1912 жж. ғана пайда болған.
 Сондай-ақ өзге де жетістіктер жайлы айтсақ. Бұрынғы кездері қалада телефон байланысының пайда болуы 1900 жылдарға тән деп қарастырылса, соңғы кезде табылған архив құжаттарында Семей тұрғыны Мұхамедияр Муллашевтың өзінің үйі мен қарама-қарсы көшедегі дүкен арасында телефон байланысын орнатқаны жайлы айтылады. Ал 1900 ж. көпес Про­копи Плещеевтің басшылығымен алғашқы 48 нөмірге арналған телефон желісі, 100 нөмірге коммутатор болған швед фир­ма­сы­ның «Эриксон» қондырғысы ор­на­тылған.
 1894 жылы көпес, қала басшысы Алек­сей Москвин өз қаржысымен қала­да­ғы алғашқы су құбырын жүргізген болатын. Оның ұзындығы Семей өзенінен көпес әйелі Арефьеваның үйіне дейін созылды. Соның есебінен қалалық бақта алғашқы үш фонтан орнатылған.
Семей көгіне әуелеп ұшқан алғашқы ұшқыш – Александр Васильев. Қаладағы алғашқы автокөлік Онезор атты неміс тұрғынының арқасында келген еді. Алғаш­қы дүниежүзілік соғыс кезінде ол сотталып, уақыт өте келе бұл көлікті Семей облы­сы­ның губернаторы Федор Чернцов иемден­ген. Алғашқы автобус қала көшелерімен 1928 жылдың қаңтар айында жүрсе, қалааралық такси жұмысы 1936 жылы ұйымдастырылған.

Ең алғашқы....
Ең алғашқы қала сағаты XVIII ғасырдың аяғында Знаменка соборында орнатылған. Сондай-ақ оның сағаттық қоңыраулары болған. Цирк туралы алғы сөз 1897 жылға қарасты деуге болады. Себебі шотланд циркінің сәтсіз өнер көрсетуі осы мерзімге тұспа-тұс келеді. Ал 1979 жылы Киров аралында экс­плуа­та­цияға жіберілген «Кіші Түрксіб» теміржолы қаржы тапшылығынан 1995 жылдың ма­мыр айында жабылған болатын. Қа­зақ­стан­дағы алғашқы газет дәл осы Семей қа­ласында жарық көрген. Сондай-ақ алғашқы кітапхана мен мұражайдың негізі осы қалада қаланған. 1903 жылдың қыркүйек айында Семей қаласында мұғалімдер семинары ашылған. Қазақ­стан­ның алғашқы педагогикалық ба­ғыттағы оқу ордасы болып саналып, көп­теген жоғары білімді мамандар даярлаған. Атал­мыш оқу орнында Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сынды біртуар тұлғалар тәлім алған. Қазақ­стан­дағы алғашқы физиологиялық институттың негізі дәл осы Семей қаласында 1939 жы­лы қаланған. Василий Бобов сынды ірі аза­маттардың арқасында Семей медици­налық институты талай қиыншылықтарға мо­йымай, жүйелі еңбек етті.
Ұшқыш Ғали
Осыдан 100 жыл бұрын сағатшы Ғали Са­рыбаев қолдан жасалған «ұшақ қайықпен» Ертістің бір жағалауынан екін­ші­сіне ұшқан. Ол тарихта «Ұшқыш татарин» атпен қалған. Сондай-ақ ол па­рашют ар­қы­лы эксперимент жүргізіп, су шаң­ғы­сы­мен Ертістің үстімен жүзген. Ал еу­ро­палықтардың өзі су шаңғысын се­мейлік өнер­тапқыштан соң, 13 жылдан кейін жа­ңалық ретінде қабылдаған.
Бүгінгі таңда қаламыздың ќұрметті аза­маттары 96 адамды құрайды. Аталмыш мәртебе революциядан бұрын да болған. 1901 жылы өлкенің гүлденуіне қосқан үлесі үшін Семей облысының губернаторы Алек­сандр Карпов иеленді. 1917 жылдан кейін бұл мәртебе ескерусіз қалып, тек 1968 жылы Семей қаласының 250 жыл­ды­ғының қарсаңында қайтадан өз тұ­ғырына оралған болатын. Сол жылы екінші нөмірді қа­­ланың сыйлы қонағы кос­­монавт Герман Титов иемденген бо­латын.

Қаракөл метеориті
1840 жылдың 9 мамырында тарихқа «Қаракөл» деген атпен кірген, Аягөз өңіріндегі Қаракөл өзенінің маңынан жер өңдеумен айналысатын қазақтар метеорит тап­қан болатын. Сидор Самсонов атты Се­мей көпесінің үлесіне тиген бұл бағалы экс­по­натты көпес сый ретінде Ресейдің Ғылым академиясына жолдаған болатын. Аэролит «Қаракөл» метеориті Ғылым ака­де­миясы және Кен өндіру институтында сақ­талған ең ірі, бағалы метеориттің бірі болды.
Семей қаласынан бірнеше шақырым жердегі Озерки селосында 1943 жылы «Зоя Космодемьянская» фильмі түсірілген. Қала әкімшілігі қойылымның ойдағыдай болуына барынша жағдай жасаған. Сол кезде Семей қаласында болған Тамбовск училищесінің басқаруымен әскери техниканың ғажап көріністері кино қо­йы­лым­ға енген еді. Сондай-ақ жергілікті аэ­ро­порт және сол жердегі түрлі саладағы ме­ханика, түсірілімге қажетті аса қатты желді тудыру үшін барынша жағдай жасады.
Бұл Ертіс бойындағы ғажайып қаланың орасан жетістіктерінің аз бөлігі ғана. Қаланың өткені мен болашағына бейжай қарамайтын әрбір Семей азаматы үшін атал­мыш энциклопедия – баға жетпес құн­дылық.

Виктор Кашляк, «Семей» энциклопедиясының редколлегия мүшесі, өлкетанушы:
– Қазіргі Семейдің тұрған жерінде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семей қаласы тұрған жерде Доржынкент қаласы болған. Аңыздарға қарасақ, 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі бұрынғы жеті мешіт орнынан Жеті шатыр сарайларын тұрғызған екен. Ал Жеті шатыр бекінісі 1718 жылдың көктемінде Ертістің төменгі бойында құрылған. Семей 1782 жылы уездік қала мәртебесіне ие болды. Сол кезден-ақ Орта Азия халықтары мен көршілес елдердің Шәуешек, Құлжа, Қашқар қалаларымен сауда-саттық жүргізіле бастады. 1917 жылы Семей қаласы саяси өмірге араласа бастады. «Алаш қозғалысы» қайраткерлерінің бастауымен Семей облыстық қазақ съезі өтті. Қаланың сол жағалауы 1917 жылдың 7 наурызынан 1927 жылдың 15 қыркүйек айына дейін «Алаш қаласы» деп аталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста