Әнші Сейфуллин Жолбарыстың жары Екатерина Жолбарыс желіде жеке өмірі туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Сейфуллиннің жары отбасының айрандай ұйып отыруы әйелдің қолында екенін айтады. Екатерина күйеуін күнде дәмді тағаммен ғана емес, көтеріңкі көңіл-күймен де қуантады екен. Ол кез-келген мәселені жарымен шешеді. Сондықтан екеуінің арасында түсінбеушілік жоқ екен.
Менен Сейфуллинмен арадағы 15 жылдық қарым-қатынастың сыры неде деп жиі сұрайды. Мен әркез көңілді жүруге тырысамын. Және өзімді солай ұстаймын. Өйткені мен "көңілді ақымақпын". Сейфуллинге менімен бірге өмір сүру қуаныш сыйлайды, — дейді Екатерина Жолбарыс.
instagram.com/katya_zholbarys
Екатерина Сейфуллиннен 14 жас кіші. Катя танымал әншінің үшінші жары. Ал Сейфуллиннің өзі бұрын екі рет үйленген. Алайда қос некесі де сәтсіз аяқталған. Сейфуллин мен Екатерина он бес жыл бұрын үйленгенін айта кетейік.