Шеберлер Шымкентке тұлпар сыйлады

Шеберлер Шымкентке тұлпар сыйлады

Жуырда Шымкент қаласының қала күніне  «Қызыл трактор» суретшілер тобы тосынсый жасады. Бұл сыйлықтың өзгешелігі – шеберлер мерекеге «жылқының басын» ұсынды. Тұлпар бейнесіндегі темір қаңқаларды киізбен қаптап, «Үйір» атты композиция жасаған – шебер Смайл Баялиев.
Ташкентте өткен халықаралық қолөнер көр­месіне қатысып, ел абыройын асқақ­тат­қан қазақтың дарқан даласынан сыр шертетін «Дала архитектоникасы» атты көр­меге қойылған туынды осыдан 2 ай бұрын жасалыпты. Күні бүгінге дейін халық­аралық көрмелерде таныстырылып үлгерген еңбектің ең үлкенінің биіктігі 6,5 метрді құрап отыр.
Смайл БАЯЛИЕВ, суретші:
– Өзімді құдды бір көпшілік алдын­да емтихан тап­сырып жатқандай сезімде тұрмын. Ең бастысы, бұл еңбек шетелдік туындылардан сапа­сы жоға­ры, тіпті салыс­тыруға кел­мейді. Мәсе­лен, киіздің өзі қаншама уақыт­қа шы­дас береді, оңайлықпен тоза қой­майды. Ал жылқының басын жаса­ған себебім – әрбір елдің өзінің өнері мен табиғатын таныстыратын дүниесі болады ғой. Бізде де сол сияқты, қазақты жылқы­сыз елестете алмаймыз.

Қала тұрғындарымен бірге шаһар әкімі Дар­хан Сатыбалды көрмеге арнайы келіп, туын­дыларға бағасын беруді ұмыт қал­дыр­мады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста