Күні бүгінге дейін Шахзоданың жеке өмірі ел ауызында. Өзбекстанның танымал әншісі Лола Юлдашеваның әкесін тартып алып, отбасын талқандады деген қыңқу сөздер тоқтаған жоқ.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Шахзода (шын аты Мұсаева Зилола Баходирқызы; өз. Shahzoda, Zilola Bahodirovna Musayeva) — қазіргі замандағы өзбек поп әншісі. Тек қана Өзбекстан елі емес сонымен қатар Түркия, Мәскеу, Қырғызстан,Әзербайджан елдерінде танымал. Екі ұлы бар.
Жақында FaceBook желісінде тікелей эфирде тыңдармандарымен тілдескен Шахзода көптеген сұрақтарға жауап берді.
- Сіз шыныменде Лоланың әкесін тартып алып, отбасын бұздыңыз ба?, Күйеуіңізбен бір-біріңізді сүйіп қосылдыңыздар ма? - деген оқырман сұрағына әнші өз жауабын берді.
- Равшан Жулдасбеков 1998 жылы әйелімен ажырасқан.Ол кездері біз таныс емес едік.Мен онымен 2000 жылы таныстым. Ол алты жыл бойы менің сеніміме кіруге тырысты. Мен ар-намысты, ұятты жоғары қоятын отбасында тәрбиеленген адаммын. Оның да бойынан осы қасиеттерді таптым.Сол үшін ол менің сеніміме ие болды.кез келген адам бірінші некеден таба алмаған бақытын екіншісінен тапса мен мұны құптаймын. Равшандағы салмақтылық, барлығын алдын-ала ойлап барып қадам жасау, қасындағы адамға жылы сөйлеу, ер адамға тән қаситеттің басымдығы мені өзіне баурап алды. Ең басты айтатын нәрсе ол – өте жақсы әке. Мен онымен танысқан кезде ажырасқанына қарамай перзенттерін қатты жақсы көретіндігін айтқан.Оның мейірімділігі, балаларына деген шексіз махаббаты мені тәнті етті.
- Сіздердің отбасын құруларыңызға күйеуіңіздің бірінші отбасы қарсы болған жоқ па?
- Бәрі айтады Лола мен Шахзода құрбы еді. Кейін оның әкесін тартып алған соң, аралары бұзылған деп. Негізі мені Лоламен Равшанның өзі таныстырған болатын. Біз Лола екеуіміз «Севинч» фильмінде бірге ойнағанбыз.Сол кездері Равшан менімен сөйлесіп жүретін. Біз екеуіміздің үйленетініміз жайлы ең алғаш Лолаға айтқан. Анаңмен дәм тұзымыз жараспады өкінішті. Менің Шахзодаға үйленгім келеді деп. Равшанның айтуы бойынша Лола өте қатты қуанған. Әкесінің бақытты болғанын қалаған. Содан кейін біздің арамыз өте жақсы болып, тығыз байланыста болдық. Кейін ол тұрмысқа шықты, біз оның тойына бардық. Жеке өміріне байланысты ол өнерін 5 жылға тоқтатты. Сол кезде біздің қарым-қатынасымызға бір нәрсе болды. Бірақ не екенін өзімде білмеймін. Лоламен арамыз өздігінен алшақтады.
Міне осылай әнші өз тыңдармандарының сұрағына жауап беріп, әлі күнге дейін басылмаған өсектің нүктесін қойды.
Өзбек тілінен аударған Гүлнұр Серікбай.