Әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның өңірлердегі концерттерінің бірінде сахнада атып шыққан жігіт күш көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтем е жасап.
Сахнаға атып шыққан жігіт әншінің визиткасына айналған "Таңғы елесті" бірге айтуды талап еткен. Айгүл Иманбаева сценарий бойынша соңында айтамыз деп құтылуға тырысады. Әйтеуір, көмекшілерінің бірінің араласуымен алып кетті. Ал көрермендер арасында "айтсайш" деп айқалағандар бар.
Желі қолданушыларының кейбірі мұны әншінің жанды дауыста айта алмауымен байланыстырып жатыр.
"Сахнаның да қадірі кетті-ау", "Бірге айта алмайды, Айгүл тек фонограмма қолданады", "Айгүл фонограмма болған соң бірге айта алмай жатыр", "Мына жігіттің қылығы жараспай тұр", "Әлдеқандай болмай бірге айта қойса қайтеді", "Жанды дауысқа не жетсін", — деген сарындағы пікірлер бар.