Премьера!
«Даланың күйші Динасы»
Соңғы уақыттарда елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры қалың көрерменін тың дүниелермен жиі қуантып келеді.
Театр ұжымы бұл жолы да жаңа қойылым дайындау үстінде. Осы орайда алдағы 10 маусым күні Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығындағы «Даланың күйші Динасы» пьесасы сахналанып, қалың көрерменге ұсынылмақ. Қоюшы режиссері – Нұрлан Жұманиязов. Шығарма – халық композиторы, атақты күйші Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған. Өнердің бабын тапқан атақты күйшілер, ұлы күйші Құрманғазы мен жасөспірім Дина арасындағы алғашқы таныстық, шығармашылық достықтары туралы жазылған пьесада күй құдіреті, өнер туындысының өмірге келу сәті, өнер адамының жан дүниесі, күй тудырудағы күйзеліс пен шығарма шыққандағы шабыт пен бақыттың буырқана астасқан асқақ сезімдері суреттеледі. Құрманғазыдай ағасының артынан еріп, өнер қуалаудың Динадай қазақ қызына қиын соқса да, күй құдіреті қолдап, қасиетті қара домбырамен өмірін өрнектеуі мен өнегелі ғұмырын көрерменге жеткізу – қойылымның басты мақсаты. «Даланың күйші Динасы» спектаклінде Құрманғазы бейнесін – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Мейрам Қайсанов, Динаны Айнұр Жетпісбаева сомдайды.
Сахна
Последние статьи автора