• Құлаққағыс
Театрлар Алматыға жиналады
Алдағы 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматы қаласында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған ХІХ республикалық театрлар фестивалі өтеді.
Бұл өнер мерекесіне еліміздің республикалық және облыстық театрларының жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктері, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын көрсететін патриотизм тақырыбындағы отандық авторлардың шығармасы бойынша соңғы екі-үш театрлық маусымда сахналанған үздік қойылымдармен қатысуы жоспарланған. Фестиваль қойылымдарының басым көпшілігі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында көрсетіледі. Келемін деушілерге есік ашық.«Әуезов» Таразда жүр
Осы аптаның басынан бастап М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры Тараз қаласына және Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл аудандарында гастрольдік сапармен жүр.
Тараз көрермендерімен қауышу – театр ұжымы үшін үлкен қуаныш. Тараздық көрермендер назарына «Абай» (М.Әуезов), «Сыған серенадасы», (И.Сапарбай), «Жүрейік жүрек ауыртпай» (Б.Жәкиев), «Тендерге түскен келіншек» (М.Сәрсеке), «Қазақтар» (Қ.Ысқақ) қойылымдары ұсынылуда. 25 қыркүйекке дейін жалғасатын гастрольдік қойылымдарда Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Торғын Тасыбекова, Шәмшәгүл Меңдиярова, Рашида Хаджиева, Айдос Бектемір, Қымбат Тілеуова, Бекжан Тұрыс, Ерлан Біләлов, Асылбек Боранбай, Дария Жүсіп, Шынар Жанысбекова, Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай сынды танымал әртістермен қатар, жас буын өкілдері өнер көрсетуде. Гастрольдік сапардан оралған соң, театр Алматыда жаңа маусымын ашпақ.
Сахна
Последние статьи автора