Шатағыңыз болмасын: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелі жайлы айтқан оқырманының аузын жауып тастады
Дәурен Айдарқұлов қазір шырайлы Шымкент қаласында жүр. Оңтүстіктің тумасы Шымкент қаласын ТМД елінің мәдени астанасы деп таныстырды. Сол себепті оңтүстік тұрғындарын мәдениетті болуға шақырды.
"Қазір киномен айналысамын. Кино түсірейін десем, карантинге байланысты кино түсіруге кедергілер болса, оны шығаруға кедергілер бола ма соны білмей жүрмін. Менің жұмысым да, жоспарларым да киноға қатысты деді", - деп Дәурен Айдарқұлов Stan.kz ақпарат агенттігінің сұрақтарына жауап берді.
Дәурен Айдарқұлов оңтүстіктің тұрғындарын мәдениетті, жігіттерінің нағыз джентельме болғанын қалайды.
"Біз ТМД елдерінің мәдени астанасы болғандықтан халқы да мәдениетті болғанын қалаймын. "Джентельмен" деген кино көріп, сондай идея келіп отыр", - деді ол.
Айдарқұлов "бірінші әйеліңді үйіңе әкеліп бақпайсың ба?" деген желі қолданушысына "онда шатағыңыз болмасын" деп қайырып тастады.
"Маған туысқандарым да, жақындарым да, таныстарым да, желі қолданушылары да, бәрі күніне мың адам "қазақша сөйлемейсің бе?" деп айтады. Олар ойлайды мен бірінші рет айтып тұрмын деп. Бірақ осы сөзді күніне мың рет естимін. Миымды ашыптып бітті", - деді Айдарқұлов.