«Шақырылмаған қонақ»

«Шақырылмаған қонақ»

Қарағанды бейнелеу мұра­жа­йын­да көркемөнер туындысын көпшілік назарына ұсынып отыр­ған қазақтың күйеу­бала­­сы, сицилиялық суретші Кармине Барбаро жеке көрмесін осылай атауды жөн көріпті. Қарағанды жұрт­шыл­ығына алғаш рет ұсынылып отырған көрме ақпанның соңына дейін жал­ғасады. Көрмеге суретшінің қылқаламынан шыққан 45 көркемөнер туындысы қойылды.
Қазақтың күйеубаласы Кармине –  Италияның Сицилиясында дүниеге келген. Ал дәл осыдан 16 жыл бұрын дәм тартып Алматыға келіпті. Содан маңдайының жа­зуы шығар, қазақтан қыз алыпты. Шығар­машылығын шыңдапты. 17 рет жеке көр­ме­сі өтіпті. Профессор атағын алды, ҚР Су­ретшілер одағының мүшесі. Данте Али­гьеридің отандық комитетін басқарды. К.Бар­баро өзін «қазақстандық суретшімін» дейді.
Кармине БАРБАРО, суретші:
– Мен үшін сурет салу екінші орын­да тұр­ған мәселе. Ең бастысы – идея, композиция және түс. Мені, әсі­ресе шы­ғыс елінің, соның ішінде Қа­зақстан жерінің бір-біріне ұқса­майтын аймақ­та­рының сұлулығы таңғал­дырады. Маң­ғыстау то­пырағы өзінше ерекше, Алматының сұ­лулығы, тіпті таңдай қақ­тырады.

Көрменің «Шақырылмаған қонақ» деп аталуының төркіні туралы сөз қозғасақ, бұл шақырылмаған қонақ ретінде  Карми­не өзін атапты. Италиясын тастауға шешім қабылдаған сәттен бастап-ақ Кармине мұнда «шақырылмаған қо­нақ» болғанын айтады. Алайда қазақ «шақырылмаған қонақ» демейді, «құдайы қонақ» дейді. Ал бұл «құдайы қонақтың» Қазақстанға келуі шығармашылығына құтты болған секілді. Тағы бір атап айтарлығы, сицилиялық кү­йеубала өз шығармашылығында еліміздің егемендігіне ерекше назар аударыпты. Бір­қатар туындылары ел егемендігіне ар­налған екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста