«Шәкен жұлдыздары» жанатын күн жақын

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ертең Алматыда «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі басталады. Осымен жетінші мәрте өткелі отырған бұл дәстүрлі сайыста биыл 30 елдің кинотуындылары сарапқа салынбақшы.
Жалпы, фестивальге қатысу жөнін­дегі 466 өтінішті қарай келе, іріктеу комиссиясы конкурстық бағдарламаға 65 фильмді енгізген. Оның ішінде «Дебют» номинациясы бойынша – 9, «Жастар киносы» аталымымен – 19, «Студенттік кино» ретінде 37 фильм бақ сынамақ. Бір айта кетерлігі, «Жастар киносы» секциясынан конкурсқа толықметражды көркем фильм деңгейінде қатысатын картина жоқ. Есесіне, көрермен назарына студенттік анимация молынан ұсынылған. Фестивальға Нана Джорджадзе (Грузия, Германия), Игорь Каленов (Ресей) сияқты режиссерлер, сондай-ақ Корея кино өне­рі Академиясының атқарушы директоры Кийонг Пак және Меруерт Өтекешова әділқазылық етпек. Ал құрамында Екате­рина Стриженова, Ирина Муравьева, Людмила Артемьева, Ольга Прокофьева, Вадим Колганов, Сергей Астахов, Никита Зверев, Андрей Чернышов сынды танымал өнер шеберлері бар ресейлік делегация құрметті қонақ ретінде келмек.
Конкурстық бағдарламаға Қазақстан тарапынан тоғыз фильм еніп отыр. Осы фильмдер туралы толығырақ мәлімет алу үшін кинофестивальды ұйымдастыру­шылардың бірі, іріктеу комиссиясының мүшесі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясының «Кино жә­не ТВ» факультетінің деканы Гүлжан Нау­рызбековаға хабарласып, төмендегі­дей жайттардан хабардар болдық.
– Бізден қатысатындардың тоғызы да – студенттік фильмдер, – дейді Гүлжан ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ.
– Олардың ішінде анимациялық та, қысқаметражды көркем және деректі фильмдер де бар. Атап айтқанда, Артур Ысқақовтың «Театр және мәңгі махаббат», Адай Әбілдиновтің «Қоңырау» деген анимациялық фильм­дері, басқа жанрлар бойынша Әділхан Ержановтың «Диск сатушы», Әдиша Серік­тің «Мектеп», Дана Мұсаның «Қоңы­рау», Есен Айтмұхаметовтің «Әке», Сапар Бисембиннің «Көкшетау», Азамат Алты­басаровтың «Дала», Артем Давы­дов­тың «Мысль материальна» деген картиналары.
Жастардың фильмдеріне негізінен, махаббат сезімі, жеке адам психологиясы, кейіпкердің ішкі жан дүниесіндегі тереңдік, адамгершілік қасиеттер сияқты мәңгілік тақырыптар арқау болған. Отбасы, дәстүр, әке мен баланың қарым-қатынасы сипатталатын дүниелер де жеткілікті. Осы тақырыптардың аясында әлеуметтік мәселелердің де шеті көрінеді. Бүгінгі қоғамда жастарды не толғандырады, соған өз көзқарастары қандай, нендей тіршіліктер жасап жатыр? Міне, осының бәрі айқын көрініс тапқан. Бұған дейін пессимистік бағыттағы өте мұңлы, болашаққа деген үміт те, сенім де жоқ, трагедияға құрылған фильмдер көбірек түсіріліп келген болса, биылғы конкурстық фильмдерден керісінше көңіл-күй бай­қа­дық. Яғни оптимизмге толы, жарқын дүниелер басым. Әрине, өмірдің көлең­келі жақтары да бейнеленеді, бірақ кейіп­керлер бәрібір қиындықты жеңіп шы­ғуға тырысады. Формалық жағынан да қызықты шешімдер көп. Кейбір тех­никалық олқылықтарына қарамастан, біз­дің студенттеріміздің көрерменге сон­шалықты таныс, түсінікті әрі қажетті тақы­рыптарды жақсы меңгергені байқалады. Ал енді фестивальға өзге мемлекеттерден қатысып жатқан студенттік фильмдердің айырмашылығы қандай десек, олардың материалдық, техникалық базасының күштілігі экраннан міндетті түрде көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, фильмдердің жасалу сапасына тікелей әсер ететін технология базасы жағынан біздің студенттерімізге әлі де болса көмек көрсетілуі қажет екені аңғарылады...

Р.S.
Сонымен, шымылдығы ертең ашылатын «Шәкен жұлдыздары» 20 мамырда мәреге жетпек. Фестиваль бағдарламасындағы фильмдерді Silk Way Сity фестиваль орталығынан, сондай-ақ Кино Үйі мен Республика Сарайынан кез келген көрерменнің тегін тамашалауына болады. Фестивальдің өту барысы, қорытындысы бойынша алдағы уақытта арнайы материалдар береміз деген ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста