Сәкен Сейфуллин энциклопедиясы жарық көрді

Сәкен Сейфулиннің рухы кеше тағы бір жаңғырды. Бұл жолы 200 шақырым жерден Елордаға «сүйінші» айта келген азаматтар «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғаның энциклопедиясын баспадан шығарып ала келіпті. Энциклопедия Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің Орталық Қазақстан гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтында дайындалған екен. Бас редакторы – «Болашақ» университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков. Расын айту керек, осынау нар тұлғаны елеп-ескеріп, оқырман үшін тамаша дүниені жерлестерінің қолға алғаны қатты қуантты.
Себебі Мәшһүр Жүсіп Көпеев энциклопедиясы Павлодарда шықты, Семейде Абай мен Шәкәрім энциклопедиясы жарық көрді. Сон­дықтан да Сәкен Сейфуллин энцикло­педия­сының Сарыарқада шығуы заңды да.
«Оқырман қауымға ұсынылып отырған Сәкен Сейфуллин энциклопедиясы айтулы ақын, әйгілі жазушы, ірі қоғам қайратке­рінің шы­ғармашылық жолдары мен қоғамдық істері­нің тағдыр-талайынан сыр шертеді. Бір ақи­қаты – кеңес дәуірі Сәкенді біржақты ға­на ба­ға­лап, ақын өмірінің күнгейіне қызыл бояу қы­зы­ға жағылып мадақталды. Соның нәтиже­сін­де кеңес кезеңі құрдымға кет­кенде, ақынды асыға және асыра сынау­шылыққа жол берілді. Біздіңше, Сәкеннің өз ұлты үшін күйіп-жанып, отқа түскен қадір-қасиеттерін көлеңкеде қал­дырудан туған мұндай пі­кір­лердің ғұмыры қысқа екендігін уақыт дәлел­деп жатқандай», – дейді Нұрлан Дулатбеков. Энциклопедияға Сәкен Сейфул­линнің өмірі мен шығарма­шы­лығына байланысты тарих, өнер, мәдениет, ғылым, фи­ло­софия, педагогика, психология, музыка са­­лалары бойынша танымдық, эстети­ка­лық ұғымдар мен терминдер енгізілген. Маз­мұнына назар аударар болсақ, энциклопедия сәкентану­шы­лардың мақа­лала­рынан бас­­талады. Әрі қарай энцик­ло­педия әліп­­билік сөзтіз­бесімен жалғасып, тұлғаның өмірі мен өнердегі белестері, шы­ғар­ма­ларының биб­лиографиялық көрсет­кіш­тері­мен бітеді.

Кітапта Сарыарқа ғалымдарының ең­бе­гі аңқып тұрғанын айта кетпеске болмас. Атап айтсақ, Берік Рахымов, Мәуен Хам­зин, Мақсат Алпысбес, Сағынбай Жұмағұл, Әлім­жан Жақан, К.Әбішевалар ерен еңбек көр­сетіп, энциклопедиядағы әр сөзге те­рең тоқталып, маңызды сипаттамалар бер­ген.
Тұсаукесер кешіне Парламент Мә­жі­лісінің депутаттары Алдан Смайыл, Бек­бо­лат Тілеухан, сенатор Оралбай Әбдікәрімов, ақын Ғалым Жайлыбайлар қатысты. Ғалым Жай­лыбай өз сөзінде жақсы ой айтты. «Ен­ді «Болашақ» университетінің жанынан «Сәкентану орталығы» ашылса», – деп ұсы­ныс тастады. Ол сондай-ақ жағымды жа­ңалықтан да хабардар етті. Оның ай­туынша, жақында «Фолиант» баспасынан Сә­кен Сейфуллиннің «Нар тұлға» атты шы­ғар­малар жинағы шығады екен.
Алдан Смайыл энциклопедияға жоғары баға беріп, оның барлық энциклопедиялық талаптардың үдесінен шыққанын сөз етіп, «әттең-айын» да айта кетуді жөн санады. Ол елімізде осындай танымдық дүние­лер­дің аз тиражбен шығатынына қынжылыс біл­дірді. «Мен елді мекендерді көп ара­лай­мын. Сонда біреулердің маған: «Ай­на­ла­йын, соғымыңды сойып берейін, ма­ған «Мәдени мұра» бағдарламасымен шық­қан кітаптарды әкеп берші», – дегенін де ес­­­тідім. Ендеше, осы мәселені мемлекет қолға алып, көп­ші­ліктің қолы жететіндей мол ти­ражбен, қалтасы кө­­тере­тін­д­ей аз ақ­ша­мен шы­ғарса игі еді», – деді Ал­дан Смайыл.
1924 жылы Сәкен Сей­фул­лин: «Кең­се­нің тілі қа­зақ тілі болмай, іс оңбайды», – де­ген екен. Ақынның осы сөзін жет­кізген Ас­тана қала­лық тіл бас­қармасының бас­ты­ғы Оразгүл Асанғазы Нұр­лан Дулатбековке кітап­тың тұсаукесерін әлі күнге дейін кеңсе қа­ғаздарын қазақ тіліне көшіре алмай отыр­ған барлық мекемеге барып, тағы да ке­суін өтінді. Әрине, ашына айт­­қан сөзі ғой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста