«Қайдасың» деп ән салып, құрамын екі рет ауыстырған «Домажор» тобы бүгінде қайда жүр?
Серілерді көрермен де ұмыта бастағандай. Бұл топтың белді мүшесі Сәкен Майғазиевтің інісі Роман Майғазиев болатын. Бірақ, қамқор аға інісінің өнеріне көңілі толмаған көрінеді.
«Топ жігіттерінің сахналық қимылдарына, орындаушылық шеберліктеріне көңілім толмады. Оларға көп жұмыс жасау керек. Жасыратыны жоқ, көп қамшыладым. Өнер деген негізі «дерт». Табиғаттан берілген соң, көп адам оны жарыққа шығармайынша көңілі орнына түспейді. Шындығында інім менің айқайыммен, сыныммен сахнадан аластатылды десем болады. Бірақ, әлі де сахнаға қайта шыққысы келетінін айтып, сұранып жүр. Алда көрерменін тауып жатса, өздері ақылдасып көреді. Топ болып шықпаса да, жеке әнші болып шыққысы келеді», — деді Сәкен Майғазиев Hit Tv телеарнасына берген сұхбатында.
Біз де Роман ағасының ескертпелерінен бір нәтиже шығарып, сахнаға қайта оралар деген сенімдеміз.
baistars.kz