Әнші Сәкен Майғазиев жарымен екеуінің қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтып, бір кездері екінші әйел алу ойы болғанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші The Эфир бағдарламасына сұхбат берген.
«Екінші баламызды он бес жылдай күттік. Ойымда болған жоқ деп айтпай-ақ қояйын. Ойландым мен де. Мүмкін Алла Тағала мені сынап жатқан шығар. Ертең жасым келіп, о дүниеге аттанар шақта ұлым: «Әке, неге ата-бабамыздың дәстүрімен екінші әйел алып, ең болмаса маған бауыр сыйламадыңыз?» деп айтса не бетімді айтамын деген де ойлар болды. Жасырмай-ақ қояйын, «Туф, мына қыз екінші әйел болуға лайықты қыз ғой. Тіпті Динарамен екеуі тіл де табысар еді» деп ойлаған кездерім де болды. Менің адал жарым Динараны марқұм атам мен әжем, әкем, бүкіл әулетім қатты құрметтеді. Анам қазір де Динарамен салт-дәстүрге, жөн-жоралғыға келгенде кеңеседі. Жеңгелерімнің өзі Динарамен ақылдасып жатады. Динараның маған деген махаббатын қатты бағалаймын. Көп қыздар менің өнеріме ғашық болар. Ал Динара менің атым қалыптаспай тұрған кезде, ештеңем болмаған кезімде жақсы көрген. Қиындықты бірге көрдік. Пәтерден пәтерге көштік. Қияр мен қызанақ алуға ақша тапқанда қуанатын сәттеріміз болды. Қақаған қыста дүңгіршекте нан саттық. «Сен ақша таппадың, сен еркек емессің» деген кездері болған жоқ. Күйзелгенде, қиналғанда қасымда болды, күш-қуат берді»-дейді әнші.
Дереккөз: Reactor